2018 жылдан бастап «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы медициналық ұйымдарда медициналық қызмет көрсету бойынша бірыңғай стратегиялық сатып алушы болып табылады.
Сатып алудың конкурстық негізде жүзеге асырылатыны, қордың тәжірибелі көмек көрсете білетін білікті мамандар және тиісті ресурсттық жағдаймен қамтамасыз етілгені оның ең үздік мемлекеттік және жекеменшік ауруханаларды таңдауына үлкен мүмкіндік беретіні белгілі.
Жыл басында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысындағы филиалы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында медициналық қызметтерді көрсету бойынша 78 медициналық мекемелермен (оның ішінде, 29 жекеменшік және 49 мемлекеттік) келісім-шарт жасады. Жалпы 125 келісім-шартқа қол қойылды.
Алматы облысындағы филиал тарапынан медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы бойынша шарттық міндеттемелер, сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 29 наурыздағы бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу туралы» №138 Ережесінде көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын келісім-шарттың орындалуы бойынша мониторинг жүргізіледі.
Ағымдағы жылы қор тарапынан мақсатты мониторинг жүргізу қарастырылған. Олар гемодиализдік, қан орталықтары бойынша өтінім берушілер, амбулаториялық-емханалық, паллиативтік және оңалту көмек, онкологиялық қызмет,қан және гемодиализ орталықтарының жоғары технологиялық медициналық қызметтердің өнім берушілері.
Алматы облысының филиалдары тарапынан «Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» денсаулық сақтау ақпараттық жүйесінде стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің өнім берушілеріне де күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Яғни, амбулаториялық-емханалық көмек, жедел медициналық жәрдем, медициналық-әлеуметтік көмек (туберкулез, нашақорлық, психиатрлық, АИТВ/ЖИТС), патологоанатомиялық диагностика, қан мен оның компоненттерін дайындау саласында.
Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Қ.Құрманалиеваның айтуынша 2018 жылғы І жартыжылдық қорытындысына сәйкес Қор тарапынан медициналық қызметтердің көрсетілуінде жалпы 2,7 млрд. теңге көлемінде ақаулар орын алғандығы анықталды. Алматы облысы бойынша бұл сома 59297, 9 мың теңгені құрады. Жалпы алғанда бұл ақаулар емдеу-диагностикалық іс-шаралар стандарттардан бас тарту мен медициналық қызметтер құнының негізсіз қымбаттауымен байланысты екендігі мәлім.
Бұл сома қажеттілік және басымдылық бойынша облыстың медициналық мекемелеріне қайта бөлінетін болады.
Денсаулық саласының жаңа қаржыландыру сақтау жүйесі мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдар арасында медициналық қызметтің сапасын көтеретін бәсекелестік нарық құруға мүмкіндік береді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Алматы облыстық филиалы.