Дүйсенбіде аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 32-ші сессиясы өтті. Депутат Дамиля Қылышпаева төрағалық еткен сессия барысында күн тәртібіне бірнеше мәселе қойылып, олар түгелдей қаралды. Сессияға аудан әкімі Ж.Далабаев, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қалалық, ауылдық округтердің әкімдері, бюджеттік мекемелер мен бөлім басшылары қатысып отырды.
Атап айтқанда, бірінші мәселе – «Қарасай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы «Қарасай ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 22-3 шешіміне өзгерістер енгізу» бойынша аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ж. Ноғайбаев баяндама жасап, депутаттардан баяндама барысында айтылған ұсыныстарды бекітіп беруді сұрады.
Бұдан бөлек, аудандық мәслихат депутаттары Е.Момбаев пен Ы.Амалбектің депутаттық мандаттарын мерзімінен бұрын тоқтату, Қарасай ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер енгізу және тағы да басқа мәселелер сессия жұмысында қаралды. Сәйкесінше тиісті шешімдер шығарылды.
Ал, келесі сессияға Жандосов ауылдық округінен сайланған депутат Қ.Баяманов төрағалық ететін болды.
Клара Көпбаева.