Мемлекет жастарға көрсетіп жатқан қолдауы өте маңызды және өзекті. «Жасыл ел» жобасы аясында соңғы 3 жылда 100 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды, оның 30 мыңнан астамы ауыл жастары. Бұл ауыл жастарының еңбекпен қамтылуына үлкен мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жастарға арналған тұрғын үй бағдарламалары да үлкен қолдау болып табылады. 2017 жылдан бері 7 200-ден астам жас баспана алды, ал «Отбасы банк» арқылы іске қосылған арнайы ипотекалық бағдарламалар жұмыс істейтін жастарға 10% бастапқы жарна мен 5%-дан басталатын пайыздық мөлшерлемемен үлкен мүмкіндік ұсынады. 2024 жылы «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары аясында 3 923 жасқа несие берілгені, оның ішінде 1 450 жас азаматқа 31,7 млрд теңге көлемінде несие бөлінгені ауыл жастары үшін өте маңызды қолдау болып табылады. Бұл бағдарламалар жастарға өз мақсаттарына жетуге және отбасыларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай бастамаларды одан әрі дамытып, жастардың болашағына үлес қосуымыз қажет.
Бұлар Мирманов,
Бірінші Май ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің мүшесі.