Мемлекет жастарға көрсетіп жатқан қолдау шаралары өте маңызды. Жастар ресурстық орталықтары 2024 жылы 500-ден астам бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып, 1 миллионнан астам кеңес берді. NEET санатындағы 160 мыңнан астам жасқа арнап бөлінген 280 грант, әрқайсысы 1 миллион теңгеден, олардың бастамаларын қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, 20 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асып келе жатқан «Жасыл ел» жобасы соңғы 3 жылда 100 мыңнан астам жасқа жұмыс тауып берді, оның 30 мыңнан астамы – ауыл жастары. Тұрғын үй мәселесі бойынша 2017 жылдан бері 7 200-ден астам жас баспана алды. 2024 жылы «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары аясында 3 923 жасқа жалпы сомасы 103,4 млрд теңге несие берілді. Мұндай бастамалар ауыл жастарының өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың еңбек нарығында табысты болуына көмектеседі. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру керек.
Егінбек Егеубек,
Іргегі ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы.