Қарасай аудандық прокуроратурасының бастамасымен Қарасай аудандық пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандармен тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілді. Оған Қарасай аудандық прокуроратурасының прокуроры, Жергілікті Қарасай аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, Қарасай аудандық пробация қызметінің инспекторы қатысты. Бұл іс-шараның басты мақсаты – есепте тұрған сотталғандардың қайта қылмыс жасау тәуекелін бағалау, алкогольдік спирттік ішімдіктерге және ісірткі психотропқа көз қарасын анықтау, отбасылық тұрмыстық жағдайын бағалау, жұмысқа қабілеттілік деңгейін анықтау. Шара барысында сотталғанды қоғамға бейімделу мақсатында профилактикалық сұхбат жүргізілді.