Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.
Қабылдауда болған тұрғындардың мәселелері сан түрлі. Олар қозғаған мәселелердің қатарында тұрғын үй алу, денсаулық сақтау, жер телімі мен алаяқтардың құрбандары өтініші бар.
Мәселен, 63 жастағы Қаскелең қаласының тұрғыны 12 жыл бұрын үй кезегіне өтінім берген. Бүгінде кезегінің жылжуына, үй алуға көмек көрсетуді сұрады.
«Зейнеткер 2014 жылы 13 сәуір айында «Толық емес отбасылар» кіші катергориясы бойынша №473 болып тіркелген. Бүгінгі күні, «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» тұрғын үй кезегі №153 оның ішінде «Толық емес отбасылар» кіші категориясы бойынша №74 болып тұр. Аудан бойынша 30 пәтер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратылады. Оның 10 пәтерін көп балалы отбасыларға бердік. Қалған 20 пәтерге үлестіру жұмыстары жүріп жатыр– дейді өңір басшысы.
Қабылдауға келген азаматтардың бәріне заңды-құқықтық тұрғыдан, мәселелерінің шешілуіне бағыт-бағдар берілді. Олардың кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауапты сол жерде алды. Аясында, тұрғындар көтерген мәселелердің шешу жолдарын білді.
Айта кету керек, «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық партия филиалының қабылдау бөлмесіне келіп түскен ұсыныс-пікір, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады.