Халықтың игілігігне айналған Кеген ауылының орталығынан іргелі, заманауи сауда орталығы ашылды. Сөйтіп, «Айгерім» атты маркет ел игілігіне айналды. Оған негіз қалаған Кеген өңіріндегі кәсіпкерлердің көшін бастап жүрген еңбекқор азамат Сағымбеков Ержан Жөкенұлы. Уақытқа қарай еңбектеніп жүретін Ержанның бұрын орталық базарда шағын дүкені болды. Кейін сол базардың маңынан тұрғызып қойған ғимаратын сауда орталығына айналдырды. Былтыр аталған сауда орталығының арт жағынан үлкен кешенді құрылыс салғызды. Сөйтіп, былтыр іске қосылған «Айгерім» атты маркет, адамдарға қажетті азық-түліктен бастап көкөніс түрлеріне дейін сатылатын бұл ғимарат аудандағы үлкен сауда орталығының біріне айналып отыр.
– Заманға лайық сауда орталығын ашсам деген үлкен мақсатым бар еді. Кегендей ауылымда қалалардағыдай халыққа мінсіз қызмет көрсететін дүниенің болғанын қаладым. Сол ойым орындалды. Келушілерге жайлы қызмет көрсетіледі. Көргендер алғыстарын айтып жатыр. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын! Кегендей ауылым барлық жағынан өсіп-өркендей берсін! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болып жақсы күндерде, жақсылықтарда жүздесе берейік! – дейді «Айгерім» маркетінің иесі Ержан Сағымбеков.
Сауда орталығының бағасы қолайлы, сұранысқа ие, күн сайын келушілер де жетіп-артылады. Тіпті осынау маркеттің тұрақты тұтынушылары көп. Адамдар кең де жарық, не қажеттінің бәрін самсата жайнатып қойған сауда орталығынан қажеттісін алып, риза болып аттанып жатады. Маркетте Ержан Сағымбековтей азаматтың жұбайы Эльмира Манайбекова, ұлы Бауыржан Жөкенов, қызы Жансая Жөкен келушілерді жылы қарсы алып, мінсіз қызметтерін көрсетеді. Олардың Нұрлан Тәжібаев, Райхан Қазлақынова, Дариға Тұманшиева, Бақтылы Нұрқасымова секілді он жылдан астам уақыыттан бері қарай белді көмекшілері болып келе жатқан жұмысшылары бар. Аттары аталған жандар маркет жұмысының жемісті болып, жүйелі жүргізілуіне қосып келе жатқан еңбектері еселі, Рас, елім деген азамат Ержан Сағымбековтей болсын!
Индира ҚАНАТҚЫЗЫ.
Кеген ауылы.