Ағымдағы жылдың 31 шілдесі мен 4 тамыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Медиация апталығы» өтуде. Бұл іс-шара Медиация күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылып жатқанын айта кету керек. Аталған апталық Қарасай ауданында да өз деңгейінде жүзеге асуда. Бүгін Қарасай аудандық «Қоғамдық келісім» мекемессінің қызметкерлері Шамалған ауылдық округі әкімінің аппаратында Талғат Балтаев және Сулейменова Эльмира Сүлейменова сынды халықаралық кәсіби медиаторлар және «АХЫСКА» этномәдени орталығының төрағасы, заңгер, құқық қорғаушы Камилов Илимдар Камилов ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Бұл жиынның басты мақсаты – қоғамдағы бірлік пен келісімді, татулықты, этносаралық қақтығыстарды болдырмау, этносаралық шиеленістердің алдын-алу.
Жалпы кездесу барысында өңірдегі медиация саласы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, туындаған өзекті мәселелер талқыланды. Келесі басқосуда кәсіби медиаторлар тарапынан «Құқықтану» мамандығы жөнінде білім алушы жастарға медиация саласы бойынша оқу орнынан тыс кездесулер немесе дәрістер ұйымдастыру туралы ұсыныс айтылды.