«2020 жылдарға қарай елде балабақшамен қамтылмаған бірде бір бала болмауы тиіс» деп Елбасымыз айтқандай, республикада балабақшалар мен шағын орталықтардың саны көбеюде.
Жуырда, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Қаратөбе ауылындағы Б.Тамабаев атындағы орта мектепте «Айгөлек» шағын орталығы пайдалануға берілді. Жаңа шағын орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Елтай ауылдық округінің әкімі Бақыт Жұманбаева, аймақтағы мектеп директорлары, ауыл ақсақалдары және ата-аналар қатысты. Бақыт Сағындыққызы орталықтың лентасын қиып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады, көптен күткен осы қуанышқа арналған мектеп ауласына шырша отырғызу ісіне атсалысты.
Шағын орталықта 25 бүлдіршін тәрбиеленетін болады. Заманауи талаптарға сай жабдықталған онда біройын бөлмесі, бір жатын бөлме және басқа да тұрмыстық-қызметтік бөлмелер бар. Мектеп ауласында бүлдіршендердің ойынына арналған алаң да жасалған.
Мемлекетімізде жастар мен балалардың болашағына көптеп көңіл бөлініп жатыр. Келешекте дәл осы шағын орталық тәрбиеленушілері еліміздің патриоты болатынына сенімдіміз.Ауылымыздағы шағын орталықтың ашылуы ата-аналар мен бүлдіршіндердің көптен күткен қуанышы еді!
Ж. МОЖАНОВА,
Тамабаев орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.