Бүгінде жастарымыз спортпен шұғылданып, биіктерден көрініп жатқаны қаншама. Айта кетейік, әлемдегі ең танымал спорт түрі – футбол. Жақында Кеген ауылында «Аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» ұйымдастыруымен, футболдан ерлер арасында Кеген ауданының ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Жарыста ауылдық округтерінің азаматтары футбол алаңында бақтарын сынады. Жарыстың салтанатты ашылуында, Кеген ауданының бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Мұқанқожаев Гайдар Әріпбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Тартысты бәсекеге 10 команда қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша командалық есеппен Кеген ауылының жастары 1 орынды, Жылысай ауылының командасы 2 орынды алса, жүлделі 3 орын Қарқара ауылына бұйырды.
Жеңімпаздар аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының дипломдарымен, медальдарымен, кубоктарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Марапаттау рәсімін «Аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» директоры Мұқанқожаев Гайдар Әріпбайұлы жүргізді. Алдағы уақытта жасыл алаңда өткізілетін футбол жарыстарында жерлестеріміздің биік тұғырдан көрінуіне сәттілік тілейміз.
Индира ҚАНАТҚЫЗЫ.
КЕГЕН АУДАНЫ.