Алматы облысы Қарасай аудандық жұмыспен қамту орталығының бастамасымен Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Қарасай аудандық пробация бөлімімен, Жеке сот орындаушы қызметкерлерімен аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп “Бос орындар жәрмеңкесі” өткізді. Іс-шараға аудандық пробация бөлімінде есепте тұрған сотталушылар қатысты. Жәрмеңкеде аудан аумағында орналасқан ЖК “Бексұлтан” “LIDER”, “Қарасай ауданы әкімдігінің халықты қамту орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекеме, ” Каз почта” Акционерлік қоғамдардың өкілдері, жеке шаруашылықтардың басшылары бос лауазымдарын ұсына отырып, жұмысқа орналасу талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара қорытындысы бойынша есепте тұрған сотталғандар өздеріне қажетті ақпаратты алып, алдағы уақытта жұмысқа орналасуға ниеттерін білдірді.