Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп оқушылары мен ұстаздары электронды көркем әдебиеттерді жүйелі түрде пайдалануда. Оны жан-жақты түсіндіру үшін «Заманауи мектеп – заманауи оқулық» атты жақында семинар өтті.
Электронды оқулық мектеп жасындағы балалардың кітапқа құмарлығын оятумен қатар, танымдық-мәдени дамуына жол ашады.Сол мақсатқа жету жолында оқырмандардың ынтасын жігерлендіру үшін қызығушылығын арттыру жолында мектеп кітапханасында жаңа QR код арқылы заманауи кітаптар тақтасы іске асырылды. Электронды кітапханаға оқушылар қалта телефон арқылы кез келген кітапты жүктей алады. Жобаның басты мақсаты – оқырмандардың кітапқа қызығушылығын арттыру, оқыған шығармаларын бөлісіп, насихаттау. Сонымен қатар, оқырмандарды кітап оқу өнеріне , дүниетанымын кеңейтуге, оқыған кітаптарының, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда кітапты дұрыс пайдалануға баулуды үйрету болып табылады.
Мектепте өткен аудандық семинар барысында оқырмандар сүйікті шығармаларына талдау жүргізіп, ортаға салды. Жоба барысында оқырмандар кеңінен өз оқыған кітаптарымен бөлісті. Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру жолында көркем әдебиеттерді оқу арқылы тіл тазалығын сақтап, ұлттық тәрбиеге деген қызығушылығын ояту басты мақсат болды.
Оқырмандар белсенділігін арттыру үдерісі мектепте заманауи технологиялар мен оқытудың түрлі әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады.Мектеп оқырмандары сонымен қатар, ағылшын оқулықтарына да қызығушылығы арта түсуде. Оқырмандар деңгей бойынша Б.Гриммнің «Рапунцель», Т.Сюьздің «Телпекті мысық», Дж.М.Барридің «Питер Пен» оқулықтарын мобильді қосымша арқылы қызығушылық танытуда.
Кітап оқуға деген сүйіспеншілік тек ана тілімізге ғана емес, өзге тілдердің де дамуына үлесімізді қосуға жол ашатыны сөзсіз.
Елдана ЖАЗЫҚБЕК,
Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі.