Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Конверттерде тек хаттар болуы керек» акциясын өткізді.
Акция аясында Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының басшыларына облыс әкімінен бастап аудандық бөлімдердің басшыларына дейін мейірімділік хаты бар конверттер таратылды, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта балалар суреттері салынған нақыл сөздер-әңгімелер жазылған.
Хат мәтінінде көрсетілгендей «Хат жазу дәстүрінің терең тарихы бар. Ежелгі дәуірде, жазу алғаш пайда болған кезде, адамдар хаттардың үлкен эмоционалды күші бар екенін түсінді, сондықтан конверттерді туыстарына, жақындарына және алыстағы адамдарға хаттарды беру үшін қолданды. Кейбіреулер хат пен конверт арқылы өз сезімдері туралы айтып, өз әсерлерімен бөлісті. Әдетте хатта адамға өз сезімдерін ашу, жан дүниесінде не болып жатқанын айту, өз сезімдерімен бөлісу оңайырақ. Сонымен қатар, хаттар жай айтылған сөздерден гөрі жадыда ұзақ сақталады.
Алайда, бүгінде көптеген адамдар үшін конверт тек ақша беру үшін қолданылады, ол өз кезегінде негізгі мағынасы мен маңыздылығын жоғалтады.».
Хатты алушылардың бірі – Іле ауданы әкімі аппаратының басшысы Азамат Жандосов елдің қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты алдын алу тетіктеріне сүйенетінін атап өтті. Сондай-ақ, осы акцияны қолдап, әкімдік қызметкерлеріне Іле ауданының бөлімдері мен мемлекеттік мекемелерінің басшыларына осындай конверттерді жіберуді тапсырды.
Іле ауданының экономика және қаржы бөлімінің бастығы Қарлығаш Бөпетаева – «Конвертті алып, хатты оқығаннан кейін бұрын туыстары мен жақындарына хатта ішкі жан сырлары сақталалатын болғанын, ал қазір конверт теріс мақсатта пайдаланылатындығы деген ойды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жеткізетіндігі туралы» – атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомства сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда маңызды нәтижелерге қол жеткізу қоғамның сыбайлас жемқорлыққа тұрақты қарсы тұруы және оны көпшілік алдында ашық айыптаусыз мүмкін емесін – атап өтті.