Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс Күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын іске қосу тапсырмасы берілген болатын.
2023 жылғы 4 мамырда сағат 11.00-де «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын өткізу уақыты деп белгіленді. Осыған орай Қарасай ауданы бойынша аудандық орталық кітапханада, мектептерде, колледждерде жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді. Аталған шараға 5-11 сыныптар арасында 26540 оқушы, 508 студент, 325 маман қатысты. Жалпыұлттық патриоттық диктанттың мақсаты мен міндеттері – еліміздің тәуелсіздігін мен егемендігін дәріптеу, Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу даңдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Алматы облысының «Қоғамдық келісім» КММ