Әр өңірде бұқаралық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын орнықтыру – аса маңызды. Кеген ауданындағы спорттық-сауықтыру кешенінде алда өтетін облыстық «Алатау арланы» турнирі қарсаңында аудандық «Кеген арланы» атты жарыс болып өтті. Оған ауылдық округтерден 28 палуан қатысты. Жарыстың салтанатты ашылуында Кеген аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларын өткізу орталығының директоры Гайдар Мұқанғожаев жарысқа қатысушы азаматтарға сәттілік тіледі.
Бірнеше сағатқа созылған жарыстың қорытындысы бойынша Қарқара ауылынан келген палуан Жүніс Еламан «Кеген арланы» атанып, 100 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Бөлексаз ауылынан келген Саят Жөкен, Кеген ауылынан қатысқан Қайсар Айтмұхан 2 және 3 орындарға ие болды. Сонымен қатар, үздік шеберлігі үшін Алғазы Нұрсұлтан мен Әли Нұрбосын арнайы дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздарға аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының кубоктары, дипломдары, медальдары мен ақшалай сыйлықтары тапсырылды. Алғашқы үш орынды иеленген палуандар «Алатау арланы» жарысына қатысатын болады.
Қ. САТЫПАЛДЫ.
Кеген ауданы.