«Абаттандырамыз» деп ауламыздың быт-шытын шығарып кетті деп Жалпақсай ауылының Ардагерлер көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары шағымдарын бізге жеткізген еді. Қордаланған мәселесі көп аула халқының наразылығын тыңдау үшін осы ауылға келіп, жергілікті тұрғындармен кездесіп қайттық.
Әңгіменің арқауына айналған көпқабатты үйдің ауласына ойын алаңын салу өткен жылдың тамыз айында басталған. Сонымен қатар, бұл маңға жолды тегістеу, қоршау мақсатында бардюрлер мен тас төсеніштерін орнату жұмыстары да қолға алынып, аяқсыз қалған. Тас төселмеген көшеде асыр салып ойнау мұңға айналған. Тіпті, қиыр тастардан үлкендердің өзі әрең жүреді. Аула халқы өздері бір шешімін табуға тырысқанымен, оны тегістеу көлігін шақыру қыруар қаржыны талап ететінін ұққан. Сондықтан амалсыз қиыршықтанған, басы бар аяғы жоқ тас төсеніштерінің ортасында отыруға мәжбүр.
«Біздің ауламызда басқа да мәселелер жетеді. Бірақ қазіргі уақытта ең маңыздысы осы ойын алаңы мен бардюрдың жыры болып тұр. Басқа коммуналдық мәселелерді жергілікті атқарушы органдарға көтеріп барсақ, қаражат бөлінбеді деп зар қағады. Ал мына жөндеу жұмыстары басталғанына қарағанда ақша бөлінген ғой. Енді неге соны соңына дейін жеткізуді қадағаламайды. Бұны бастағанда бізден рұқсат сұраған жоқ. Қарсы болдық. Себебі көліктеріміз енді аулаға сыймай қалды, жолымыз осыған дейін тегіс жақсы еді. Асфальтты қазып тастап, енді, міне, шашылып жатыр. Одан да кәріс жүйелерін ауыстырып бермейді ме? – деді Ардагер көшесінің тұрғыны Айгүл Байғожаева.
Бір жыл бойы күтуден шаршаған халық «Бұл істің соңына дейін жеткізбей қоймаймыз», деп отыр. Тұрғындар өз кезегінде, алдағы уақытта әкімдік осындай атқарылатын жөндеу, құрылыс жұмыстарын бізбен ақылдасып, ұсыныс енгізіп отырып істесе екен деген өтініштерін білдіріп жатты. Өйткені олардың сөзіне сүйенсек, қордаланған бұл ауылда мәселе көп. Атап айтар болсақ, қоқыстың уақытында алынбауымен қатар, оның орналасқан жері дұрыс емес, дәл ескерткіштің жанына қойылыпты. Қаңғыбас иттердің көптігінен аналар балаларын сабаққа жіберуге қорқатын көрінеді. Кәріз құбырлары тозығы жеткендігі сонша, қалдықтар екі күннің бірінде далаға шығып иісі бүкіл көшені алып кетеді екен. Одан бөлек Ардагерлер көшесінің екінші жартысы ой-шұқыры уақыт өткен сайын тереңдеп келеді. Бұл аймақтың жаман жолы осында тұратын адамдарға ғана екен емес Жалпақсай ауылының барша тұрғындарына қолайсыздық тудырып отыр.
Бұл көшеге жедел жәрдем көлігі де кіруді қойыпты. «Шақырту түскен үйге жаяулатып келуді дәрігерлер де үйреніп алды», дейді ашынған ағайын. Тұрғындардың базынасын естіген соң, жергілікті атқарушы органның да жауабын естуді жөн санадық. Ұмтыл ауылдық округі әкімінің орынбасары Камшат Қасымбекова бұл сауалдарға жауап берді. Оның айтуынша, бастаған жұмысты аяқсыз қалдырғаны үшін мердігер мекемені аудандық әкімдік сотқа берген.
– Біздің Жалпақсай ауылындағы көпқабатты үйлерге абаттандыру жұмыстары, былтыр, яғни, 2022 жылдың үшінші тамызында басталып, 18 қараша аяқталу керек болған. Бірақ тендерді ұтып алған «Шах» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі уақытында аяқтап, жұмысты тапсырып үлгермеген. Сондықтан тапсырыс беруші Қарасай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мердігер мекемені сотқа екі талап бойынша берген. Оның біріншісі уақытында тиянақты аяқтамағандығы болса, екіншісі жұмысты өткізбегені үшін оларға өсімақы жүреді соны өндіріп алу бойынша болмақ. Қазіргі уақытта сот процестері жүріп жатыр. Менің білуімше бүгін тағы бір сот отырысы өтеді. Сот шешімі шыққаннан соң жұмыстар қайта жалғасатын болады, – дейді округ әкімінің орынбасары.
Халықты әбігерге салған абаттандыру жұмыстары қалай өрбитіні, аяқсыз қалдырған мекеменің сот шешімінен кейінгі атқарар жұмыстары біздің назарымызда болады.
Бұрым ОРЫНБАСАР.