Бүгін ақпараттық түсіндіру тобы Береке Мәдениет ұжымымен кездесіп, Президент Жолдауын талқылады. Бұл іс-шара кезінде медицина қызметкерлеріне Жолдаудың негізгі бағыттары, басты аспектілері түсіндірілді. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында әлемдегі соңғы жаһандық сын-қатерлер ескеріле отырып, еліміздің ұлттық дамуындағы экономикалық және саяси жағдайдағы барлық аспектілер қамтылғаны атап өтілді. Сонымен қатар, жиында мемлекеттік бағдарламаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық саясатты одан әрі жетілдіру, әлеуметтік әріптестік пен адами капиталдың сапасын жақсарту, еңбек нарықтарын жаңғырту, әрбір сектордың жауапкершілігін арттыру жөніндегі даму бағыттары мен стратегиясы анықталды.