Бүгін Жамбыл ауылдық округінің желілік кестесіне сәйкес Батан ауылында ақпараттық насихаттау тобының мүшелері Батан орта мектебінің ұжымымен және ауыл тұрғындарымен кездесті. Оның барысында ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиында ақпараттық насихаттау тобының мүшелері Құралай Сайбырова мен мектеп директоры Шолпан Оспанова Жолдауға қатысты ақпараттық баяндама жасап, ой бөлісіп, пікір алмасты. Жиналғандар еліміздің түбегейлі жаңғыруына, жаңаша өркендеуіне жол ашатын Жолдауды бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.