Қайырлы істің ұршығын иірген халқымыздың қанына сіңген игі қасиеттердің сауабы мол болғай. Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр» деген тамаша сөз бар. Жетімін жылатпаған халқымыздың бұл ел қамын ойлайтын азаматтарына қалдырған аманат сөзі іспетті.
Қайырлы істің ұршығын иірген халқымыздың қанына сіңген игі қасиеттердің сауабы мол болғай. Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр» деген тамаша сөз бар. Жетімін жылатпаған халқымыздың бұл ел қамын ойлайтын азаматтарына қалдырған аманат сөзі іспетті.
Қайырымдылық – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Сондай қасиетті бойына сіңіріп, өзінің емес өзгенің бақытын ойлап мұқтаж жандарға көмек беріп жүрген жастар көбеюде.
Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу шарт емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Үлкенін сыйлаған, қариясын қастерлеген, жетімін жылатпаған, кемтар жанды ешкімнен кем көрмеген қазақ халқына тән қасиет екеніне ешкімнің таласы жоқ.
Қазіргі таңда елімізде балалар үйіне, қарттар үйіне және көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын созамыз деген оймен қайырымдылық қорларының көбейіп жатқаны жаныңды жадыратады. Жүректері жылу мен мейірімге толы жандар қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып, қолдарынан келгенше азық-түлік ретінде және ақшалай көмек көрсетіп жатыр.
Мұқтаж жандардың арманын орындауға атсалысып жүретін «Харекет» қорын да атап өтпеске болмас. Әзілдерімен көрермен қауымын ду еткізіп, мағыналы көріністерімен жүрекке жылу ұялатып, халықтың көзайымына айналған «Өнер қырандары» театрының әртістері бүгінде 650 баспананы халықтың көмегімен мұқтаж жандарға табыстады.
Осы сынды үйсіз жүргендер баспана сыйлап, денсаулығында ақауы бар кішкентай бүлдіршіндерге ақшалай көмек беріп жатқан қайырымдылық қорларының саны 70-тен асты.
Пайғамбарымыз Мұхамедтің (с.ғ.с) «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» дегенін ұмытпайық. Бес күндік пәни дүниеде қайырымды іс жасап, көп балалы отбасына, балалар үйіне, қарттар үйіне аса көңіл бөлейік. Қайырымдылық – қадірлі іс. Осыны ұмытпағанымыз жөн.
Балжан СИҚЫМБАЙ