Еліміздегі жетекші саяси ұйымдардың бірі болып саналатын «Nur Otan» партиясы бүгіннен бастап «Аманат» деп аталатын болды. Оның жаңа бастамалары кезектен тыс XXII съезі барысында айтылды.
Партияластар бас қосқан жиынға Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, халықтың жағдайын жақсарту жолындағы бірқатар міндеттерді қадап айтты. Оның ішінде жастарға қатысты мәселенің көтерілгені өте орынды деп есептеймін. Бұл елдің болашағын жарқын етіп, мемлекетті дамыту жолындағы атқарылатын негізгі жұмыстар бірі болады деген сенімдімін.
«Аманат» деп атауы өзгерген партияның съезінде түрлі бастамалардың іске асырылуы алға қойылды. Мәселен, ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа партиялық жоба ұсынылды. Яғни, жас партияластардың жұмысын толықтай қайта жаңғырту керектігі айтылды. Алдағы уақытта аталған жобаның аясында кәсіпке икемі бар жастарға жаңа мүмкіндіктер ашылып, олардың табысты болуына жол ашылады.
Саяси жас мамандарды дайындау мәселесі де назардын тыс қалмады. Президенттің айтуынша, партияның бір кемшілігі – жастар мен қабілетті кадрларға жол бермеуі. Келешекте осындай белсенді жандар «Аманаттың» ықпалымен заман саясаткерлері және мемлекеттік қызметшілер дайындалады.
Жиын барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әрбір азаматының ойы, пікірі ескерілу керектігін жеткізді. Қысқасы, халықтың тың идеялары мен ұсыныстарынан партия тарапы хабардар болуы тиіс. Соны жүзеге асыру үшін республикалық акция ұйымдастырылады. Егер бұл атқарылатын іс-шара өз жемісін беріп, елдің дамуына себепші болса, онда бастамалар одан әрі жанданады. Президент өз сөзінде осындай ілгері істерге қолдау қажет екендігін айтты. Расымен де, елдің тілегі ескерілсе, өтініші назарға алынса, көп мәселе туындамас деп ойлаймын. Сондықтар мұны өте құптарлық жұмыс деп түсінемін.
Партия съезінде басқа да әлеуметтік мәселелер қозғалды. Оны шешу жолына қатысты бірқатар өзгерістер мен міндеттер бекітілді. Ең бастысы Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қауіпсіздігі мен халықтың жағдайын жақсартуға қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді. Президентке бастысы қолдау қажет деп есептеймін. Сенім мен бірлік бар жерде, нәтиже де орын алары сөзсіз.
Руслан КУККУЗОВ,
Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы
бас дәрігерінің орынбасары.