Осы аптаның сәрсенбісінде аудандық әкімдіктің кіші залында аудан әкімі аппаратының басшысы Илияс Қалиевтің төрағалығымен шекаралық мәселелер бойынша үйлестіру кеңесі өтті.
Жиынның осы жолғы күн тәртібінде шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шегін белгілеу, шекаралық белдеуге кіру және ШҚ рұқсат қағазын алу тәртібі, шекара қызметіне келісім шарт бойынша әскери қызметшілердің және әскери оқу орындарына шақырылуы, оптикалық талшықты байланыс желісін орнатуды жоспарлау бойынша жергілікті жер қатынастары бөлімімен жұмыс жасау сынды бес мәселе қаралды. Оған қала және ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция бөлімінің, аудандық ҰҚК, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының техникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы, подполковник Айтмұханбет Иманбеков мен шекара күзеті бөлімінің аға офицері, капитан Руслан Кыдырмолдаұлы хабарлама жасап, көтерілген мәселелерге қатысты нақтылы мәліметтер берді. Ондағы көрсетілген мәселелердің шешу жолдары қарастырылып, ұсыныс-тілектер ортаға салынды. Жиын соңында тараптар бірлесе жұмыс істеу сенімділік пен өзара тиімділікті арттыра беретіндігіне негізі қалайтындықтарын айтты.
Бұрым ОРЫНБАСАР.