Әйтей ауылдық округінің әкімдігі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңына және бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер реестріне сәйкес мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді. Оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген 27-қосымшасында көрсетілгендей «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартын ұсынады. 2021 жылдың шілде айында атаулы әлеуметтік көмек алуға 21 отбасы өтініш түсірген. Олардың барлығы қаралып, тексеру актісі жасалып, әлеуметтік көмекке мұқтаждықтары анықталған соң, комиссияның шешімі шығарылады.
Атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасылары жоғарыда аталған мемлекеттік қызметті алу үшін жеке басын куәландыратын құжатпен «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес өтініш жазып, қағаз түрінде жауабын ала алады.
С. ДОЛАНБАЕВА,
Әйтей ауылдық округі әкімдігінің бас маманы.