Жақында «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Тәуелсіздік тарланы» атты жасөспірімдер арасында шахматтан турнир өтті. Бұл іріктеу ойынын ұйымдастырудағы мақсат өскелең жас буынның жылдам ойлау қабілетін арттыру арқылы орталықтың қызметіне сәйкес, танымдық тақырыпта дәріс өткізіп, жаңашылдыққа ықыластарын ояту болатын.
Спорттық шарамыз «Үшқоңыр» спорт мектебіндегі шахмат үйірмесінің жетекшісі Мұхтар Ахметовтың атсалысуымен, санитарлық талапқа сай ойдағыдай өткізілді. Ойынға 6-10 жас аралығындағы бастауыш сынып оқушылары қатысып, үш сағатқа созылған жарыс барысында өз бақтарын сынады. Турнирдің нәтижесі бойынша ең жүйрік ойлы деген ойыншылар анықталып, тиісінше арнайы марапаттарға ие болды. Нақты айтқанда, Нұрсат Сұлтанбай І орынға ие болса, ІІ орынның жүлдесі Қарас Толыбекке бұйырды. Ал, Сандуғаш Жұмағазы үздік үштіктен көрінді.
«Шахматы заставляют человека быстро думать, принимать решения и сделать шаг» деп, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев өз естелігінде айтқанындай, алдағы уақытта біз де, талантты, алғыр, ойлы баланың көптеп шығуына себеп болар зияткерлік шахмат ойынынан іріктеу турнирін өткізуді жалғастыруды дәстүрге айналдыруды, оның ауқымын да кеңейтуді көздеп отырмыз.
Б. НҰРБЕКОВА,
«Атамекен» тарихи-мәдени орталығының бас қор сақтаушысы.