Жастар – қоғамның қозғаушы күші дейміз. Расымен де, биылғы жылдың қиын болғанына қарамастан, аудан жастарының біліктілігі, білімділігі, ауызбіршілігінің мығым болуымен талай игі істердің атқарылып жатқандығының куәсі болудамыз. Әсіресе, олар әртүрлі қайырымдылық шаралардан қалыс қалмай, оларды ұйымдастыруға, өткізуге де белсенді түрде көмек көрсетеді. Соның дәлелі ретінде таяуда ауданымыздағы «Ана мен бала» қайырымдылық мекемесі ұйымдастырған игі шарасын өткізуге атсалысқанын айтуға болады.
Елтай ауылдық округінде құрылған «Ана мен бала» қоры өздерінің пункттеріне жинақталған киім-кешектерді көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына еріктілердің көмегімен үлестірді. Белсенді жастар ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласындағы отбасыларды аралап, киімдерді олардың үйлеріне жеткізіп берді.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.