Ұлттық тәрбиенің айналасында айтылатын мәселелердің реті бүгінгі ұрпақ үшін қашанда маңызды. Оның өзектілігінен басқа, отбасында алатын орны бір бөлек. Осыларды талдап, келешек үшін қажеттілігін ескерген аудандық Жастар ресурстық орталығы өткен аптада онлайн форматта Қарасай ауданының бас имамы Ринат Тәшеновпен сұхбат жүргізді.
Қашықтан өткен жүздесу барысында «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты тақырып аясында әңгімелер айтылып, танымдық пікірлер ортаға салынды. «ZOOM» платформасы арқылы өткен бұл сұхбатқа ауданның бірқатар жастары да қатысып, бас имамның тәрбие құндылықтары жайлы айтқан сөздерін зейін қоя тыңдады.
Біздің басты мақсатымыз – ұлттық тәрбиемізді жаңғыртып, өскелең ұрпақты Отанын сүюге тәрбиелеу, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды дәріптеу. Осы бағытта алдағы уақытта әлі талай игі шаралар ұйымдастырып, жастардың келешегі үшін жұмыс атқаратын боламыз.
Жарқынай САДУОВА,
Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы.