Көптеген қазақстандықтардың үйлі болуына тиімді ұсыныстарын ұсынатын «Отбасы банкінің» қолжетімді қызметі тағы бір кеңсесімен толықты. Ауданымызда орналасқан еліміздегі ең ірі «Аport» сауда-ойын-сауық орталығында осыдан бір апта бұрын аталмыш банктің кеңес беру орталығы ашылды.
Санитарлық талапқа сай ұйымдастырылған салтанатты рәсімге «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов арнайы қатысып, ұжымдаста-рының алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Дәл сол сияқты бұл маңызды сәтке «Aport» ойын-сауық-сауда орталығының директоры Дмитрий Ревин де куә болып, «Отбасы банкі» жұмысының ұтымды тұстарын айтып, пайымды пікірін білдірді. Осылайша құрметті меймандар өздерінің ақ тілектерін жеткізіп, жаңадан ашылған кеңсе ортылығының қызыл лентасын қиды.
Алдағы уақытта бұл орталық Қазақстанның барлық тұрғынына банктің түрлі қызметтерін ұсынып, баспанаға бастайтын бағыттарын көрсетеді.
Осындай кеңселердің жұмыс барысын бағамдайтын «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Ерболат Едігеевтің сөзіне сүйенсек, бұл орталық арқылы кез келген адам баспанаға жету жолында нақты қадамдарын жасай алады. Тұрғын үйге жету үшін банктің тиімді бағыттары жайлы жан-жақты ақпарат беріледі.
Сонымен қатар, кеңсе орталығында клиенттер депозит ашып қана қоймай, несие рәсімдеу үшін де өтінім бере алады. Аталған қызметтердің барлығы тегін түрде білікті мамандардың нұсқауымен жүзеге асырылады.
Кестеге сәйкес орталық сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Аптаның сенбісі мен жексенбісі демалыс күндері болып саналады.
Ұтымды тұстары жетерлік осы банк қызметінің барлығы тұрғындарға қолайлы болатын түрі бар.
Банктің кеңсе беру филиалы тек қарасайлықтар үшін ғана емес, барлық тұтынушыларға да қызмет ететінін ескерген жөн.
Дидар МУХАМАДИЕВ.