Жамбыл ауданының Қарақыстақ ауылындағы Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалды музейінде «Күй құдіреті» атты кездесу өтті. Рухани шара Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, күйші-композитор Дүйсебай Шаштайұлының алда 70 жасқа толатын мерейтойына арналды. Дүйсебай Шаштайұлымен кездесуге осы елді мекендегі Сүйінбай орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары, ауылдық кітапхана және музей қызметкерлері қатысты. Мерейтой иесімен бірге ауылға оның ағасы, белгілі жазушы, …
Ұйғыр ауданында қазақтың ұлттық ойындарының бірі тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Алматы облысының кубогы үшін жарыс өтті. Сайысқа өз күштерін сынауға Қонаев қаласы мен облысқа қарасты аудандардан 9 бен 15 жас аралығындағы ұл-қыздар қатысты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы облысының спорттық-бұқаралық іс-шаралар орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыстың мақсаты – қазақтың ұлттық зияткерлік ойынын әлемдік деңгейде …
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жақында Балқаш ауданына арнайы іссапармен барды. Өңір басшысы мәселе туындаған нысандарды аралап, тиісті тапсырма жүктеді. Облыс әкімі Марат Елеусізұлы ауданға жасаған сапар барысында алдымен «АФ Бірлік» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Бұл серіктестік бүгінгі таңда күріш, бидай, жоңышқа өсірумен және мал шаруашылығымен айналысып келеді. Компанияның «Элита» деп аталатын күріші – танымал өнімдердің …
Өткен аптада облысымыздың орталығы арнайы жұмыс сапарымен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев келіп, өңірдегі білім саласының өкілдерімен, мәслихат депутаттарымен және белсенді оқушылармен кездесті. Білім саласына қатысты өзекті мәселелер қозғалған басқосуды облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым ашып, өңірде білім жүйесінің дамуына жан-жақты қолдау көрсетіліп келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ «Алматы облысының білім Ұрпақ тәрбиесі – ұлағатты …
Ұзақ жылдар бойы ұмыт болған Республика күні өткен жылы ұлттық мейрам ретінде аталып, мерекелер тізіміне енген болатын. Биыл екінші рет қайта жаңғырып, тойланғалы жатқан айтулы күннің аясында Қарасай ауданы бойынша түрлі іс-шара ұйымдастырылуда. Өткен аптада Қарасай ауданының Жастар ресурстық және бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталықтары бірлесіп, 25 қазан – Республика күніне орай, «Бұқаралық спорт – …
Бала-бақыт, бала-болашақ! Дүниеге келген кішкентай балаларға барлық жағдай жасау аса маңызды. Әсіресе, мектеп алды тәрбиесінің мәні жоғары. Кеген ауданында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеудің қамту көрсеткіші 98,3 пайызды құрайды. Бұл – жақсы дүние. Бөлексаз ауылында екі бірдей балалар бақшасы жұмыс істейді. Оның бірі Бөлексаз орта мектебіндегі «Балбөбек» шағын орталығы. Жып-жылы ұядай …
Бүгінгі таңда қолымыздан келгенше жақсылық жасауға талпыну – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Аллаға шүкір, арамызда әрдайым осыны ойлай жүретін, жақсылығын қамдай жүретін жандар бар. Сондай жандарды ойлай ұйқысынан оянып, қолынан келсе, қарлығаштың қанатымен су сепкендей көмек жасағысы келетін адамдардың барын жоққа шығаруға болмайды. Кеген ауылында тұратын Қуаныш Мұқанбекқызындай асыл ана осындайда әрдайым көш басында тұрады. Анамыздың …
Дәл қазіргідей өскелең уақытта, дамыған заманда жастардың бос жүргені жараспайды. Жалын жігерлі, күш қайратты жастарға талпыныс қажет. Уақытпен тыныстау керек. Соған сай әрекет, қаракет жасаған жөн. Мемлекет тарапынан да жастарға қолдау көрсетіліп отырғанынан ескерсек, әрбір жас үшін алтын уақытты текке өткізуге болмайды. Қазіргі заман – білімді, білікті, іскер, еңбекқор жастардың заманы. Кеген ауданында өңірден шыққан …
Көктемі кеш келіп, жазы салқындау болатын таулы өлкеде орақ науқаны енді ғана қыза түсті. Ел ырысын еселер науқанда жұмыс жыл сайын Жалаңаш өңірінде алғашқы болып басталып жатады. Өйткені, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарымен іргелес жатқан бұл жердің ауа-райы жылылау. Табиғаты да қолайлы. Жалпы, Кеген ауданында өсірілетін дәнді-дақылдың жап-жақсы бөлігі Қарабұлақ ауылдық өңіріне қарасты «Бірлік – АГРО» ЖШС-не …
Жалпы, Кеген ауданы, Кеген өңірі тарихи құндылықтарына толы. Сонау бір замандарда Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен, халықаралық маңызы бар әйгілі Қарқара жәрмеңкесінің орны қалған, атақты Албан-Қарқара көтерілісі тұтанған қастерлі Қарқараның жері неге тұрады?! Туризмнің мекені саналатын Үш Меркі, Шарын, Мойнақ, Көлсайдың тамашасын айтып тауыса алмайсыз?! Ал, ежелгі Үйсін мекенінің бірі саналатын Алғабас өңірін көрген …