Білімін игі іске жұмсау үшін рух керек. Рухты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында жуырда «Үзеңгілестер» орталығы мен «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу» орталығының ұйымдастыруымен 5-6 жастағы балалар арасында таеквондодан жарыс өтті. Аудандық спорт кешенінде болған біріншілікке балабақшалар мен спорттық үйірмелерден балалар келді. Осы спорт түрінің ережесіне сай кимоно мен бас киімін киіп, шаршы алаңға шыққан балақайлардың тартысты жекпе-жегі …
Мемлекетіміз отандық кәсіпкерлікті қолдау мақсатында іскер жандарға барынша жағдай жасап келеді. Қарғалы ауылының тұрғыны Ермек Баймолдаұлы – сондай мүмкіндікті пайдаланғандардың бірі. Ол мемлекет тарапынан ұсынылған қолдаудың арқасында бүгінде кәсібін дөңгелетіп отыр. Алдымен Ермек табиғи газбен жанатын пештер мен оған қажетті жабдықтар сатумен айналысуды қолға алды. Өйткені бұл істе тәжірибесі бар. Газ пештерін жөндеумен тікелей айналысып …
Жамбыл ауданында 2027 жылға дейін 4 инвестициялық жоба жүзеге асады. Жалпы ауданға тартылатын инвестициялық жобалардың жалпы құны 90 млрд теңге шамасында. Нәтижесінде 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Ұзынағашта өткізген баспасөз мәслихатында аудан әкімі Нұрлан Ертас осылай деді. Аудан басшысының айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру бойынша бұл аймақта барлық …
С начала года имеющий большое социальное значение проект «Ауыл аманаты» реализуется и в Жамбылском районе, который занимает четвертую позицию в области. О том, как идет работа в этом направлении, рассказал директор районного филиала НПП «Атамекен» Олжас Тлепбергенов. С его слов на реализацию проекта району был выделен 1 млрд 551 млн тенге. Для получения льготных кредитов …
Жамбыл ауылындағы өнер мектебі еліміздің төл өнері мен мәдениетін дамыту үшін жүйелі жұмыс атқаруды мақсат еткен. Мұнда дәстүрлі өнердің түрлi салаларын жан-жақты жандандырып, оны жастар арасында кеңінен насихаттау бағытында жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар оқушыларға инновациялық технологияларды пайдалану әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы шығармашылыққа баулу жолға қойылды. Осы мақсатта жуырда өнер мектебінде «Қосымша білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану …
Мемлекеттік қызметтерді онлайн-түрде алу үшін елімізде Egov-бұрыштар көптеп ашылуда. Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылында да осындай қызмет бар. Ол аталған ауылдық округ әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Қызметтің бұл түрін тұрғындарға Айбын Барысбеков көрсетеді. Ол бала кезінен ДЦП сырқатына душар болған. Алайда соған қарамастан өз міндетін ойдағыдай атқаруда. Себебі ол бұған дейін-ақ компьютерді жетік меңгеріп, ғаламторды …
Жамбыл ауданында «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты қолданбалы өнер шеберлерінің облыстық көрмесі және «Баталы ел – көгерер» атты бата беру байқауы өтті. Ұзынағаш ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде қатар өткен қос шараның мақсаты — ардагерлер арасында халық шығармашылығын дамыту, қолөнер шеберлерінің еңбектерін кеңінен насихаттау, оларға қолдау көрсету, туған жердің таланттарын елге таныту, еңбектерін жұртшылыққа паш …
Жамбыл ауданының әкімшілік орталығы Ұзынағаш ауылында 1500 орындық мектеп пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде жаңадан бой көтерген білім ордасы осы аудандағы ең үлкен мектеп болып саналады. Орналасқан жері де өте қолайлы, елді мекеннің тау жақ шетінде, кейінгі жылдары етек жайған жаңа тұрғын үйлер орамында қоныс тепкен. Сәулетті ғимараттың салтанатты ашылуына облыстық мәслихаттың төрағасы Талғат Байеділов, аудан …
Жалпы әр елдің азаматтары әлемде болып жатқан ахуалдан хабардар болып, түрлі қауіп-қатерге қарсы тұруға әрдайым әзір болуы керек. Осы ретте елімізде жылда әскери даярлық, әскери міндеттілерді қайта даярлау, білімін жетілдіру, қажетті жауынгерлік дайындық деңгейі мен машықтарын пысықтау жұмыстары жүргізіліп келеді. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тауып, бүгінде ауданымызда ҚР Үкіметінң 2012 жылғы 620 қаулысымен бекітілген …
Жерлесіміз, белгілі журналист Қанат Тәкебаев жақында, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесі қарсаңында Алматы облысының Құрметті азаматы атанды. Оның куәлігі мен төсбелгісін Қонаев қаласында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің өзі тапсырды. Қазіргі кезде зейнеткер Қанат Тұрсынұлы жас шағынан бастап ұзақ уақыт бойы баспасөз бен радиода жемісті еңбек еткен. Айталық, ол өзі туып-өскен Нарынқол (қазіргі Райымбек) …