Девять районов области, а также город Қонаев представят сельхозпродукцию области. Ассортимент на сегодня состоит из 52 наименований – мясо-молочная, колбасная, рыбная продукция, мука, крупы, масло, конечно же, фрукты, овощи, мед, национальные напитки и многое другое. А ожидаемый доход от акции должен составить более двухсот миллионов тенге. Данная ярмарка проводится совместно с аграриями области Жетісу. Цены …
Бүгінгі таңда өнімдердің 52 түрін – ет-сүт, шұжық, балық өнімдері, ұн, жарма, май, әрине, жемістер, көкөністер, бал, ұлттық сусындар және т.б. құрайды. Ал науқанан күтілетін табыс екі жүз миллион теңгеден асуы тиіс. Аталған жәрмеңке Жетісу облысының аграршыларымен бірлесіп өткізіледі. Орталықтандырылған ұйымның және жәрмеңкеде тегін орындарды ұсынудың арқасында тауарлардың бағасы нарықтық бағадан 10-15 пайызға арзан. Елордаға …
Аубай туралы алғашқы рет айтып, сырттай таныстырған мектептегі досым Үсенбай Манапбаев еді. Ол Аубай екеуі жерлес әрі ағайын-туыс болды. Екеуі де Алматының жанындағы қазіргі Қарасай ауданы Әйтей ауылының тумалары. Үсенбай екеуміз Алматыдағы Жамбыл атындағы қазақ ер балалар мектебінің интернатында жатып оқыған, соғыстан кейінгі қиын-қыстау кезеңде қара нанды бөліп жеген достар едік. Кейін бір кездесуде ол …
Жамбыл ауданындағы «Ақ әжелер» фольклорлық-этнографиялық халықтық ансамблі ұзақ жылдан бері көрерменін халықтық әуенмен сусындатып, ұлтымыздың салт-дәстүрін ұлықтап келеді. Ақ кимешекті өнерлі апалардың еңбегі лайықты бағаланып, құрмет-қошаметке бөленді. Осы жазда ансамбльдің бірнеше мүшесі республикалық деңгейдегі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, өнер ұжымының көркемдік жетекшісі Күміс Кемелбекова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, ансамблдің белді мүшелері Шекеркүл Сәрсембиева мен …
Райымбек пен Кеген аудандарының қиылысар тұсында өз дәуірінің қайталанбас қайраткері болған Аламан Мәмбетұлының 400 жылдық мерейтойы дүркіреп өтті. Рухани шара Аламан би саябағының ашылуымен басталды. Саябақ ішінде бабаға арналған монумент бой көтерді.Тойға жиналған қауым ескерткіш алдындағы театрландырылған көріністі тамашалады. Өнерпаздар Аламан бабамыздың ерлік істерін, өнегелі сөздерін қайта жаңғыртып, көпшілікке паш етті. Ақындар жырдан шашу шашты. …
Жақында Қырғызстан Республикасының астанасы – Бішкек қаласында Грек-рим күресінен 2006-2008 жылғы жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты болып өтті. Дүниежүзі бойынша 17 мемлекеттің кіл мықтылары бас қосқан байрақты бәсекеге Балқаш аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балуаны Дамир Сейткерім де бақ сынаған болатын. Ол 48 кг салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, әлем чемпион атанды. Ақдала ауылының тумасы …
Өткен аптада Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Талғат Байеділов Іле ауданына арнайы келіп, облыстық басқарма басшыларымен, облыстық және аудандық мәслихат депутаттарымен, Боралдай кенті және ауылдық округ әкімдерімен кездесті. Жиын барысында ауданда әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы мен өзге де өзекті мәселелер, алдағы уақытта жоспарланған жобаларға, аудан көлеміндегі құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу тақырыбы сөз болды. Алдымен Алматы облыстық …
Талғар ауданында 21 ұлт өкілі тату-тәтті тұрып жатыр. Олардың барлығы бір шаңырақ астында біте қайнасып, қоян-қолтық араласып тірлік етуде. Осыған орай мемлекетті құраушы халқымыздың рухани байлығы – ұлттық тілде сөйлеп, өз тіліне құрметпен қараған халықтың достығы ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқанын айта кеткен жөн. Жасыратыны жоқ, кеңестік кезеңде қазақ тіліне көңіл бөлінген жоқ. Тіпті орыс …
Алматы облысының Райымбек ауданы – омарта ісімен айналысуға, оны дамытуға өте жайлы өңірлердің бірі. Мұндағы таулы жерде сан алуан дәрілік шөптер мен гүлдер өседі. Омарташылықпен шұғылданатындардың бірі – Қанатбек Мүсірәлі. Ол бал өндіріп, араның ерекше түрлерін ұстайды. Бұл іспен шұғылданып жатқанына 2 жыл болды. Омарташылықтың қыр-сырын одан әрі танып білгісі келеді. Қанатбек Мүсірәлі көп жыл …
Целеустремленность и трудолюбие помогли ему найти себя в жизни, достичь определенных высот, состояться как главе семьи, как талантливому руководителю. Причем, коллектив ТОО «Карьер Аксай», что в Райымбекском сельском округе, возглавляет он без малого 40 лет. Трудится же здесь с 1977 года. Вот такой это удивительный человек Александр Васильевич Богомолов. Заслуженными наградами за его добросовестный труд …