Отбасы күніне орай осы аптада Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Сәуле Сұлтанғалиеваның ұйымдастыруымен «Отбасының рухани құндылықтары» тақырыбында студенттер арасында кездесу өтті. Бұл жиынға Қарасай АПБ ЖПҚБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Эльмира Есенбаева, Ювеналдық полиция тобының инспекторлары полиция аға лейтенанты Данияр Ахаев және полиция лейтенанты Азамат Мухамедияр арнайы шақырылып, аталған …
«Болашақ» бағдарламасы арқылы қарасайлық ұстаз Маржан Ержанқызы Америка құрама штаттарындағы үздік жоғары оқу орнында докторантурада оқитын болады. Иә, расымен білімде шекара жоқ. Білікті ұстаз Оңтүстік Калифорния университетінде білім саласындағы басқаруды зерттейді. Қазір жас маман мұхит асып, білім алу үшін құжаттарын реттеп жатыр. Шетелде білім алуға аттанатын жас педагог ауданымыздағы Жібек жолы ауылындағы жаңа қазақ орта …
Кәсіпкерлер күніне орай өткен аптада қарасайлық бизнес өкілдері марапатталды. Мереке аясында өз өнімдерін Қарасай ауданына ғана емес еліміздің бар өңірлеріне ұсынып жүрген компанияларды «Атамекен» ҰКП Қарасай аудандық филиалының директоры Орынбай Жанәділ салтанатты түрде құттықтауды жөн санапты. Басқосуға «Атамекен» ҰКП-ы облыстық филиалының эксперті Елена Константинова, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жанна Жазықпаева және «Amanat» партиясы аудандық филиалының …
Қарасай ауданы бойынша әкімшілік талаптардың көбісі Қаскелең қалалық және Райымбек, Ұмтыл, Елтай ауылдық округтерінің әкімдіктеріне түсіп жатыр. Осы мәселе өткен аптада Алматы облысы ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Бүгінгі таңда жергілікті әкімдікке жүгінген қараша халықтың кейбір сұрақтары «сол жерде емес, сот арқылы шешілу керек» деген принцип қалыптасқан. Алматы облысы мамандандырылған әкімшілік сотының судьяларының айтуынша, бұл …
Таяуда аудандық Мәдениет үйінде ауданымыздың тұрғындары әлеуметтік салаға жауапты облыс мамандарымен жиналды. Негізгі тақырып – жақында жарияланған Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқылау. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағдайын, қоғамның белсенділігін арттыру сөз етілді. Жиын барысында арнайы келген облыс мамандары, нақтырақ айтқанда, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы …
Өткен аптадағы жұма күні Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, оның жұмысын кеңес төрағасы Жанат Исағұлов жүргізді. Алдымен кеңес мүшелері «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын жан-жақты талқылады. Бұл ретте алғашқы кезекте Қоғамдық кеңес төрағасы Жанат Молдағұлұлы сөйлеп, Мемлекет басшысының үлкен өзгерістерге бастайтын Жолдауы жайында …
Халқының мұң-мұқтажын түсініп, жоғын жоқтап жүретін ерікті Әлия Сәтпаеваны бүгінде аудан халқының көбі таниды десек артық айтқанымыз болмас. Қарасайлық ерікті осыдан бір жыл бұрын өзі тұратын Елтай ауылдық округінде көмекке мұқтаж отбасыларды әлеуметтік жағынан қолдау үшін «Ана мен бала» деп аталатын қайырымдылық мекемесін ашқан болатын. Жақсы іске себепші болып жүретін Әлия Нұрмұхамедқызының жұмысымен танысып, қолдау …
Қаскелең қаласының жоғарғы трассасында жол-көлік оқиғалары жиі кездесіп, қайғылы оқиғалар орын алатыны жасырын емес. Темір тұлпарды тізгіндеушілер бұл тасжолдың бойында қатты жылдамдықтың кесірінен жол үстінен өткен адамдарды қағып, бұрылыстан шыққан көліктерге де соқтығысып жатады. Мәселен, өткен аптада дәл осы жолдың бойында жас келіншек көлік астында қалып, бақилық болды. Осындай оқыс оқиғаларға алаңдаған халық әлі күнге …
Качество жизни жителей микрорайона «Алтын ауыл», что в городе Каскелен, оставляет желать лучшего. О своих наболевших проблемах они рассказали акиму Карасайского района Жасулану Естенову и попытались сообща найти выход по ряду вопросов. Прежде всего, многие выражали недовольство деятельностью обслуживающей их дома компании – ТОО «Bey Azh Trans». По их мнению, низкое качество оказываемых данным предприятием …
Мемлекет кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға көп көңіл бөліп келеді. Осылайша, “Бизнес Бастау” бағдарламасының арқасында адамдар өз армандарын жүзеге асыруда. «Бизнес Бастау» грантының иегерлерінің бірі Іле ауданы Ақши ауылының тұрғыны Ақерке Шайменова. Ақерке өз жобасын қорғап, 1225 200 теңге сомасында грант ұтып алды. Алынған қаражатқа ол өз ісін ашу үшін 3 сиыр мен 2 бұзау сатып алды. …