Ғылым мен технологиялардың қарқынды дамуы ақпараттық және медиа кеңістіктің құрылымдарын күрделі ойындар алаңына айналдырды. Нәтижесінде, кез келген қоғамдық пікірдің қалыптасуына бүгінде ғаламторды пайдаланатын миллиондаған адамдардың белсенділігі ықпал етіп келеді. Ақпарат алмасудың әртүрлі заманауи тетіктерін шебер қолданатын деструктивті діни ағым идеологтары оқу, хат алмасу, бейне және аудио материалдар арқылы радикалды көзқарастарды таратуда. Мазмұны және ішкі мәні …
Еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас, конфессиялар арасындағы өзара әрекеттестік, азаматтардың ар-ождан бостандығының деңгейі, дін саласын реттейтін қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы, азаматтардың дін саласындағы саясатқа қатынасы мен дін саласындағы ахуалды бағалауы сияқты көп қатпарлы өлшемдердің нәтижесінен құралады. Қоғамдық санада дін позицияларының күшеюі, негізінен оңды бағалануда. Алайда дәстүрлі емес діни табынулардың пайда болуын жұртшылық пен мемлекеттік …