2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 340 мыңнан астам көп балалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алатын болады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша төрт немесе одан көп баласы бар 340,3 мың отбасы көп балалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы енгізілгеннен бастап Қазақстандағы көпбалалы отбасылар санының артуына …
Реализация программы «Бастау Бизнес» продолжается. Вместе с тем оказывается ощутимая поддержка развитию бизнес-инициатив, благодаря чему безработные и самозанятые граждане защищают проекты, получают гранты, а с ними и возможность открыть свое собственное дело или развивать уже действующий бизнес. Очередные занятия по данной программе непосредственно в районном филиале Палаты предпринимателей «Атамекен» проходили в период с 9 сентября …
Қазіргі таңда еліміз бойынша көлік салығына борышкерлердің мәселесі ең өзекті болып тұр. Мұндай жағдай біздің ауданда да кездесетінін айта кеткен жөн. Мәселен, соңғы уақытта салықтан жалтарғандардың көліктері толықтай тәркіленіп, айып тұрағына қойылуда. Кеше аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ғани Малыбаев бастаған бірқатар мамандар мен жеке сот орындаушылары арнайы рейд ұйымдастырып, салық төлеуден жалтарған азаматтардың …
Мемлекеттік қызметшілер халықпен тығыз қарым-қатынаста болу арқылы олардың өтініштеріне үнемі мән беруі керек. Бұл олардың негізгі міндеттері десек те болады. Ал, жалпы мемлекеттік қызметтер тұрғындардың құқықтарына сәйкес жүзеге асатынын да ұмытпаған жөн. Жуырда аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында осы бағытта ақпарат беріліп, маңызды мәселелер аясында семинар өтті. Аудан әкімі аппаратының басшысы Айдын Әуесбай төрағалық еткен …
Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арналған Жолдауы негізінен елімізді әлеуметтік-экономикалық өрлетуге бағытталған. Онда көрсетілген айқын міндеттер мен нақты тапсырмалардың барлығы да республикамызды дамыту мен адамдардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға арналғанын атап айтуымыз керек. Әсіресе, ел-жұртты айрықша толғандырып жүрген ең өзекті мәселелерді шешу жолдарын анықтап беруі де ерекше …
Қасиетті Қарасай ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы екі күнге жалғасқаны мәлім. Алғашқы күні аудандық Мәдениет үйінде «Қарасай батыр – Ұлы даланың тарихи тұлғасы» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтіп, «Қарасай – тарихи атамекен» атты кітаптың тұсаукесерімен жұпталды. Мұнан соң, мерекелік дата айтулы ақындардың айтысымен жалғасса, екінші күнінде орталық алаңда Қарасай батыр ескерткішінің ашылуы көпшілікті қуантқан еді. Осындай игілікті …
Аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың салтанатты жиында сөйлеген сөзі Ардақты ағайын! Құрметті қонақтар! Тарихы терең, аңызға кенен Қарасай елі, бүгін өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. «Тарихты қайта жасауға болмайды, одан үйрену» керек демекші, бүгін ауданның 90 жылдық мерейтойын атап өтудегі басты мақсатымыз, ғасырға жуықтаған аудан тарихын сараптай, саралай отырып, өткенімізден таразы тағылым алуды ойладық. ХХ …
Уақыт көшін алға апарып ілгері сүйрейтін, жылдарды жылжытып, айларды сырғытатын, күндерді тізбелейтін тарих доңғалағы мәңгі тоқтамайды. Сөйтіп, жадымызда жақсы жаңғырған кешегіміз артта қалып, қызық-қуанышымен бүгінгіміздің тынысын кеңітіп жүргенде ертегідей ертеңіміз қол бұлғап шақырып тұрады. 90 жылдай тарихы бар қасиетті де қазыналы Қарасай ауданының өткеніне көз жіберсең, оның өне бойында қазақ елі басынан кешкен біртұтас жол-сапары …
Ауданымыздың 90 жылдығына орай ауданның орталық алаңында ойрат қалмақтары шапқыншылығының бастапқы кезеңдерінде ел тәуелсіздігі үшін қол бастап күрескен, зұлым жаудан қазақтың кең-байтақ сайын даласын қорғаған көрнекті тарихи тұлға Қарасай батырдың еңселі ескерткіші бой көтерді. Жетісу жеріндегі дәулетіне сәулеті жарасқан Қарасай ауданның 90 жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтойлық салтанаттың екінші күні Қарасай батырға арналған ескерткіштің ашылуымен басталды. …
Қарасай ауданының 90 жылдық мерейлі мерекесін жұртшылықпен тойлау сәрсенбінің сәтті күнінде басталғаны баршаңызға белгілі. Игілікті іс-шаралардың ішінде қарасайлықтар мен алыс-жақыннан келген қонақтардың асыға күткені айтыс болды. Республикамыздың түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, шет елдерден келген от ауызды, орақ тілді шайырлардың басы аудандық Мәдениет үйінің сахнасында бірікті. Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын бұл кешке жиналған өнер сүйер қауымның …