Жуырда аудандық кітапхананың қызметкерлері жергілікті әртүрлі жастағы оқырмандарға ашық аспан астындағы кітапхана ұйымдастырды. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткен іс-шараға аталмыш мекеменің директоры Ұлдархан Өтеева басшылық етті. Ондағы мақсат жазғы демалыс кезінде оқушыларды, студенттерді және қала тұрғындарын оқуға тарту, саябақта жүрген демалушыларға ақпарат ұсыну, сонымен қатар, кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасау …
Жуырда Қаскелең қаласындағы «Достар» спорт кешенінде танымал палуан, РФ еңбегі сіңген спорт шебері, олимпиада және әлемнің бес дүркін чемпионы Қажымұрат Гацалов балалармен өзінің шеберлік сағатын жүргізді. Аталмыш орталықтың басшысы Мұса Мамедов ұйымдастырған бұл басқосуға әйгілі спортшыдан бөлек, еркін күрес федерациясының вице-президенті Адай Батырбекұлы және ҚР жалпы дене тәрбиесiнің жаттықтырушысы Эдуард Базров қатысты. Кездесу барысында Қажымұрат …
Қазір елімізде мектептер жанынан қамқоршылық кеңестері құрылуда. Білім саласындағы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылатын бұл ұйымдар демеушілік қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалайды, сонымен қатар, оқыту мекемесінің өміріне етене араласып, әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың жүзеге асуына ат салысады, материалдық-техникалық базасын жақсартып, білім сапасының арта түсуіне ықпал етеді. Мектеп директорларының кеңеске мүшелікке құқы жоқ. Оның …
Кешегі келмеске кеткен Кеңес өкіметі кезінде қазақтың талай азаматы жазықсыз жаламен алысқа айдалып, азап шекті, өлімге кесіліп, атылып кетті!.. Халықты қатты қысып ұстап, үнемі үреймен өмір сүруге мәжбүрлеген коммунистік режім сандаған үйдің шаңырағын ортаға түсірді, мыңдаған баланы жетім, әйелді жесір етті. Иә, сол кездегі саяси қуғын-сүргіннің өлім машинасы барлығын да жайпап тастап, тоталитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйенің …
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген жобаларды іске асыру бойынша және Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл толуына орай, өңіріміз бойынша «Туған жерге туыңды тік» марафоны бастау алған болатын. Бұл шараның облысымыздағы тұсаукесері Талдықорғанда өтті. Марафон аясында белгілі бір байқау жеңімпаздары, спортшылар, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, елдің алғысын алған жастардың Мемлекеттік Туды алып, Жетісу жерінің …
2015 жылдың 16 қараша күні №405-V Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң қабылданбай тұрып, 2014 жылдан бері Дүниежүзілік банк, Денсаулық сақтау министрлігі, шет ел және өзіміздегі мамандар бірлесіп, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен салыстырғандағы ерекшеліктерін ескере отырып, жан жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мысалға алып айтсақ, АҚШ, дамыған Еуропа мемлекеттерінде денсаулық сақтау …
Бағлан Омаров. Бұл есімді бұрыннан естіп жүретінбіз. Кәсіби композитор, әдемі ән өңдеуші ретінде білетінбіз. Енді, міне, өзімен тікелей жүздесіп, әсерлі әңгімелесудің оңымен орайы келіп, сәті түскеніне өте қуанып отырған жайымыз бар. Бағлан мектеп қабырғасында жүрген кезінде-ақ әрдайым әсем ән-күйге елтіп, ерекше күй кешетін еді. Кейіннен орнықты, ойлы, сергек те сезімтал бозбаланың бойын, тіпті, сан түрлі …
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Сол себепті газетіміздің тілшісі аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ермек Жұматаевтан бір-екі сұраққа жауап береуін өтінген еді. Осы әңгімені оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. – Ермек Орынбасарұлы, мәдениет пен өнердің де адам өмірінде алар орны айрықша ғой. Осыған орай алдымен ауданның мәдениет саласының қазіргі жалпы …
Қазіргі таңда Алматы облысы республикалық өнеркәсіп өндірісі көлемінің 40-қа жуық пайызын құрап отыр. Ол, әрине, Жетісу жеріндегі аудандар мен қалалардағы кәсіпкерлік саласының қарқын алып, шағын және орта бизнестің қанат жаюының, жергілікті атқарушы биліктің инвесторларды ел игілігі үшін тартуының жарқын көрінісі. Әлбетте, бұл жер жәннатын мекендеген халықтың жетістікке жетелеген жолының соңы болмауы керек. Керісінше, жүйелі жолға …
Қазіргі таңда жастардың белсенділігі мен ынтасын арттыру мақсатында көптеген бағдарламалар ойластырылып, іске асырылуда. Соның бірі ретінде жаңадан бастау алған Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлесіп қолға алған «Жастар корпусын дамыту» жобасын айтуға болады. Аталмыш бастама туралы жуырда, Сулейман Демирел университетінде өткен семинарда жоғарыда аталған жобаның үйлестіру агенттігінің мамандары …