Құрылтай сайлауына Жамбыл ауылдық округіндегі Гаджиев көшесінің тұрғындары өзара ынтымақ пен көршілік бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Бір көшенің тұрғындары бір-бірін сайлауға шақырып, бірге жиналып, 487-ші сайлау учаскесіне бірге барып, өз азаматтық таңдауларын жасады. Бұл – тұрғындардың ауызбіршілігі мен ел болашағына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Іс-шараны Жамбыл ауылдық округі Ақсақалдар алқасының төрағасы, Гаджиев көшесінің тұрғыны Оспанов Елікбай Қапарұлы бастап, көршілерді бірлікке үндеді.
Көршімен тату болу – елмен тату болудың бастауы. Бірлік пен ынтымақ бар жерде береке де, болашаққа деген сенім де берік!
Бірге келдік, бірге дауыс бердік, ел болашағына бірге үлес қостық!

