Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). Көше бойында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Көше бойында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде
12:19, 17 мая 2024

Көше бойында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Қаскелең қаласында соңғы уақытта көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша жұмыстар нәтижелі болуда. Мәселен, 2023 жылы аудан орталығындағы үш тұрғын үй кешеннің айналасы жаңғыртылып, оның ішінде балалар алаңы және тұрғындарға ыңғайлы болу үшін шағын демалыс орындары салынды.
Көпқабатты тұрғын үйдің айналасын көріктендіру бойынша қолға алынып жатқан нысандардың тағы бірі Қаскелең қаласының Наурызбай көшесінің бойында жүзеге асуда. Анығын айтқанда, осы маңдағы №25, №27, №29, №31 үйлердің аулалары абаттандырылуда. Құрылыс жұмыстарына мердігер мекеме ретінде «СК Алем» ЖШС жауапты.
Жоғарыда аталған компанияның өкілі Нұрлан Қанатжановтың сөзіне сүйенсек, осы маңдағы 400 шаршы метр жерге балалар мен шағын спорт алаңдары және ұзындығы 280 метрді құрайтын арық жүйесі салынады. Ал тұрғындарға ыңғайлы болу үшін арнайы орындықтар қойылса, оның маңайында жарықтандыру жүйесі орнатылмақ. Одан бөлек қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камераларын да орнату жоспарлануда.
Мердігердің бұл жұмыстарын белгіленген мерзімде жоспарлы түрде жүзеге асуын Қарасай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі қадағалайтынын айта кету керек.
– Аталған нысанның тапсырыс берушісі – Қарасай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі. Нысанның жалпы жобалық құжаттамасы 2023 жылы дайындалған болатын. Конкурстық жариялау негізінде «СК Алем» ЖШС жеңімпаз ретінде анықталып, олармен тиісті қаржы көлемінде келісімшарт жасалды. Айта кету керек, осы уақытқа дейін Қаскелең қаласы бойынша үш нысанның құрылысы аяқталып, 2023 жылы қолданысқа берілді. Қазіргі таңда бұдан бөлек үш көппәтерлі тұрғын үйді абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, оның бюджеттік өтінімі Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жолданды, – деді Қарасай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бас маманы Нұрбол Жүнісбек.
Айта кетейік, біз сөз еткен Наурызбай батыр көшесіндегі абаттандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 26 сәуірінде басталған. Келісімшарт бойынша маусым айының соңына таман аяқталуы тиіс.
Дидар МӘЛІКҰЛЫ.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru