Ел ішіндегі әр салаға қатысты реформалар сөз болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы көңілге қонымдылардың бірі болды. Мемлекет басшысы бірнеше саланы дамытуға қатысты ойын білдіріп, Үкіметке нақты тапсырма жүктеді.
Қазақстанның дамуына мән берілетін жарқын өзгерістердің арасында ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығару жайлы да сөз болды. Президенттің пайымдауынша, бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жүйесіз. Сондықтан оны жаңғырту жолында бастамалар қолға алынуы тиіс. Нарықта бәсекелестікті арттыру үшін үйлесімді жұмыс атқарылу керек.
«Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келді. Бұл бағытта соңғы бес жылда бірқатар жетістік бар деп айтуға болады. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосымша құны екі есе өсіп, 17 триллион теңгеге жуықтады. Ал, оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 12,4 пайызға жетті. Былтырдың өзінде 163 жаңа өндіріс іске қосылды. Соның нәтижесінде 12,5 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды. Мысалы, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Атырау облыстарында машина жасау және металлургия саласындағы ірі кәсіпорындар ашылды», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ел Президенті тағы бір басты міндетке тоқталды. Ол – өңдеу саласына көбірек көбірек қаражат тарту. Осы тұрғыда Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметке инвестиция саясатына басқаша көңіл бөлуді атап айтып, мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бизнестің бастамаларына бірдей назар аудару қажет екенін ескертті.
Мемлекет басшысы ұсынған байыпты бастамаларының бәрі халықтың әл-ауқатына арналғаны белгілі. Оның нәтижелі әлі сенім үдесінен шығатынына күмәніміз жоқ. Кәсіпкерлік саланың дамуы мемлекет экономикасын одан сайын жақсартатыны анық. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстың жемісті болатынына сеніммен қараймыз.
Болат АМАНБАЕВ,
«Neo Milk» ЖШС-нің директоры.

