Құқықтық мемлекет пен саналы қоғам қалыптастыру — бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Қарасай аудандық филиалында «Заң және тәртіп – әділетті қоғамның қос қанаты.» атты өзекті тақырыпта ауқымды дөңгелек үстел өтті. Шараның негізгі міндеті – «Заң мен тәртіп» ұғымдарының егіз екенін ұғындыру, қатысушылардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру және құқық бұзушылықтың кез келген түріне «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыру болды.
Дөңгелек үстел барысында қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және жемқорлыққа қарсы күрес сияқты ең өзекті мәселелер ашық талқыланды. Қатысушылар жай ғана тыңдаушы болып қалмай, нақты өмірлік жағдаяттарды талдап, өз пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара барысында үш негізгі бағыт бойынша пікірталас өрбіді. Атап айтқанда, алдымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру жайында сөз болып, қатысушылар отбасындағы қысым тек бір шаңырақтың мәселесі емес, бүкіл қоғамның қасіреті екенін алға тартып, жаңа заңнамалық өзгерістердің маңыздылығын талқылады.
Одн кейін вандализммен күрестің маңыздылығы айтыоды. Оған қатысты қоғамдық мүлікті бүлдіру, тарихи ескерткіштерді қорлау — мәдениетсіздік қана емес, заңмен жазаланатын қылмыс екені баса айтылды. Ортақ үйімізді қорғау – әр азаматтың міндеті.
Сонымен қатара «Жемқорлықтан таза қоғам» атты тақырып та әңгіме арқауына айналды. Ол жөнінде сыбайлас жемқорлықтың мемлекет дамуына тигізер кесірі айтылып, «пара бермеу де, пара алмау да» әр адамның ішкі мәдениетіне айналуы тиіс деген қорытынды жасалды.
Жиын соңында қатысушылар «Ашық микрофон» форматында өз ұсыныстарын білдіріп, пікірлерін айтты. Бірі құқықтық мәдениет тілді құрметтеуден басталып, заңды қастерлеумен ұштасатынын түсіндірді. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы қабылданған жаңа заңдар – әрбір әйел мен баланың қауіпсіздігінің кепілі. Қоғам болып «жабулы қазан жабулы қалады» деген ескі түсініктен арылуымыз керек. Сондықтан бұл мәселені ашық талқылау – салауатты қоғам құрудың алғашқы баспалдағы.
Қатысыушылардың тағы бірі былай деді: «Вандализм мен көшедегі тәртіпсіздік – бұл ішкі мәдениеттің жоқтығы. Аялдамаларды қирату, ескерткіштерді бүлдіру секілді әрекеттерге жол бермеу керек. Жазаның қатаңдығы емес, оның қашпас міндеттілігі маңызды. Әрбір жас өспірім өз әрекеті үшін заң алдында жауап беретінін ерте жастан сезініп өсуі тиіс».
– Жемқорлықпен күрес тек мемлекеттің ғана емес, біздің де басты міндетіміз. Білім алуда, жұмысқа орналасуда тек әділдік пен өз білімімізге сену мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп қабырғасынан, отбасынан бастап қалыптасса, біз шынымен де Әділетті Қазақстанды құра аламыз, – деген ойлар ортаға салынып, тағы басқа да пікірлер айтылды.
Әділетті Қазақстанды құру — әрқайсымыздың заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауымыздан басталады. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген халқымыздың даналығы бүгін де өзекті. Заң мен тәртіпті сақтау арқылы біз өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамның дамуына да үлес қосамыз. Әр азамат заңға бағынуды өмірлік қағидаға айналдыруы керек.
Алматы облысының «Тіл» оқу- әдістемелік орталығы
Қарасай аудандық филиалы

