Қазақстан халқы тарихи сәтке куә болып, сенімді шешім қабылдады. 20 қараша күні Президент сайлауы өтіп, елдің ертеңі үшін жұртшылық жаппай өз таңдауын жасады. Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек деуге болады. Неге десеңіздер, ел тарихында алғаш рет Мемлекет басшысы 7 жылдық мерзімге бір рет сайланды. Сондай-ақ осы жолы бюллетеньде «бәріне қарсымын» таңдауы енгізілді. Сонымен сайлаудың ертеңінде ҚР …
Бүгінде еліміздің барлық облыстарында оның ішінде оларға қарасты аудандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте аптаның сейсенбісі күні ауданымызға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Бекинов арнайы іс-сапармен келді. Жұмыс жоспарына сай Нұрсұлтан Берікұлы алдымен орталық кітапханада аудан әкімдігінің активімен кездесті. Аудан …
Осы апатаның сейсенбісінде аудан әкімі Жасұлан Естеновтің халық алдында кезекті есеп беру кездесуі Елтай ауылдық округі Көктоған ауылының тұрғындары үшін өтті. Жиында атқарылған істер сараланып, ертеңгі күн еншісіне межеленген мақсаттар мен міндеттер сөз болды. Алғашқылардың бірі болып сөз алған Көктоған ауылының тұрғыны Сәнімбүбі Суанбекова жарықтың күнара өшетінін, ал жарық өшсе судың бірден тоқтап қалатынын айтып …
Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов аптаның алғашқы күні халықпен тұрақты кездесуінің аясында Жаңатұрмыс ауылына арнайы барып, тұрғындардың осы күнге дейін шешілмей келе жатқан мәселелері мен ауылда атқарылатын бірқатар жұмыстардың жай-жапсарын түсіндірді. Аталмыш ауыл халқының басым көпшілігі жиі шағымданатын мәселелерінің бірі – қоқыстың уақытысында тазаланбауы. Тұрғындар осы уақытқа дейін керексіз қалдықты шығарумен айналысатын «Тазалық» ЖШС-нің қызметіне …
Сәрсенбінің сәтінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына арнайы келіп, халықпен жүздесті. Президент жұртшылықпен кездесуінде өлкенің еліміз үшін ерекше орны бар екенін атап өтіп, Алматы облысын бөлек әкімшілік аумақ ретінде құрудың және оның орталығын Қапшағай жағасына көшірудің маңыздылығына тоқталды. – Жұрттың өтінішіне сай қалаға Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Мұны, шын мәнінде, тарихи әділдіктің орнауы және …
Қарасай ауданында бұрын соңды болмаған бір күнде бір қала және төрт бірдей ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткелі жатыр. Анығын айтар болсақ, олар аудан орталығы – Қаскелең қаласы мен Шамалған, Райымбек, Жамбыл, Бірінші Май ауылдық округтері. Жергілікті халықтың таңдау жасайтын күні Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 қазанына белгіленді. Нақтыланған уақыт бойынша …
Гражданский Альянс Казахстана, молодежное объединение Qazaqstan Team и национальная волонтерская сеть заявили о поддержке кандидатуры Касым-Жомарта Токаева на пост президента РК. В Астане 5 октября прошли собрание волонтерских организаций национальной волонтерской сети, актива республиканского общественного молодежного объединения Qazaqstan Team, а также конференция членов гражданского альянса Казахстана, высшего органа управления ГАК, где участники выступили в поддержку …
Мемлекеттік қызметшіге моральдық-әдептілік бағыттағы қойылатын талап пен сенім жоғары. Бастысы, әр қызметші өзіне жүктелген міндетті қалтқысыз орындау негізінде біліктілігі мен білімін, тәжірибесін ұштастыру арқылы Отанына адал қызмет етуі тиіс. Қызмет барысында көпшілікпен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыра білу керек. Осы бағытта өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша …
Жақында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айдын Әуесбай Әдеп жөніндегі кеңес жұмысы мен мемлекеттік қызметі туралы заңнамасын түсіндіру мақсатында аудандағы мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді. Бұған дейін біздің ауданымызда әкімінің орынбасары қызметін атқарған Айдын Әуесбайұлы жаңа лауазымдағы жұмыс сапарын Қарасай жерінен бастады. Ол мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылауда …
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев осы аптада бірқатар салаға жауапты басқарма басшыларын тағайындады. Олар аппараттық кеңесте таныстырылды. Лауазымды орындарға лайық деп танылған жаңа басшыларды атап айтар болсақ, Алматы облысы әкімінің өкімімен Ахметова Айгүл Матанқызы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ал Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасын Қуаныш Бақытұлы басқарады. …