Конституция күнін мерекелеу аясында Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі Қосқұдық станциясында ел күткен жаңалықтың бірі болды. Жаңа оқу жылының қарсаңында аталған елді мекеннің оқушылары үшін жаңа мектеп ашылды. Ғимараттың салтанатты түрде ашылу шарасына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, мемлекеттік қоғам қайраткері Қанат Бозымбаев (жақында Президент кеңесшісі болды), Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев, сондай-ақ ақсақалдар, …
Алматы облысы Райымбек ауданында «Damu» инновациялық оқыту және дамыту орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталықты менти Назира Қанапияева ашты. Назира Қанапияева 2022 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 5 миллион теңге сомасына қайтарымсыз грант ұтып алды. Алайда ол тек қажетті қаражатқа ие болу жеткіліксіз екенін түсінді. Кәсіпкерге білім, өзіне және өз ісіне деген сенім қажет болды. …
Үш аусымдық – бүгінде Алматы облысындағы барлық дерлік аудандарды мазалаған мәселе. Жылда жаңа мектептер салынып, қолданысқа беріліп жатқанымен халық санының өсуіне байланысты білім ордаларында орын жетіспеушіліктер азаяр емес. Өңірдегі осы мәселені шешу мақсатында былтыр 710 орындық 4 мектеп салынып, қолданысқа берілген еді. Ал биыл 16 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның тоғызы 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. …
Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Ақай Нүсіпбеков ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жалпы алаңы 320 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысы 2022 жылы басталған болатын. Амбулаторияда 2 дәрігер және 5 медицина қызметкері жұмыс істейді. Жаңа ғимарат стоматологиялық құрылғымен, зертханалық, физиотерапиялық және ЭКГ аппараттарымен жабдықталған. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, емдеу орнында амбулаториялық қызметтен …
Жамбыл ауданында 2027 жылға дейін 4 инвестициялық жоба жүзеге асады. Жалпы ауданға тартылатын инвестициялық жобалардың жалпы құны 90 млрд теңге шамасында. Нәтижесінде 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Ұзынағашта өткізген баспасөз мәслихатында аудан әкімі Нұрлан Ертас осылай деді. Аудан басшысының айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру бойынша бұл аймақта барлық …
Жамбыл ауданының әкімшілік орталығы Ұзынағаш ауылында 1500 орындық мектеп пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде жаңадан бой көтерген білім ордасы осы аудандағы ең үлкен мектеп болып саналады. Орналасқан жері де өте қолайлы, елді мекеннің тау жақ шетінде, кейінгі жылдары етек жайған жаңа тұрғын үйлер орамында қоныс тепкен. Сәулетті ғимараттың салтанатты ашылуына облыстық мәслихаттың төрағасы Талғат Байеділов, аудан …
Жерлесіміз, белгілі журналист Қанат Тәкебаев жақында, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесі қарсаңында Алматы облысының Құрметті азаматы атанды. Оның куәлігі мен төсбелгісін Қонаев қаласында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің өзі тапсырды. Қазіргі кезде зейнеткер Қанат Тұрсынұлы жас шағынан бастап ұзақ уақыт бойы баспасөз бен радиода жемісті еңбек еткен. Айталық, ол өзі туып-өскен Нарынқол (қазіргі Райымбек) …
Елімізде көмекке мұқтаж отбасыларға мемлекет тарапынан да, жомарт азаматтардың тарапынан да көптеген қолдаулар көрсетіліп, игі шаралар атқарылуда. Сондай бастаманың бірі – республикалық «Мектепке жол» акциясы. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған бұл қайырымды шара биыл да жалғасын табуда. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді. …
Конситуция күні қарсаңында Кеген ауданындағы Қарабұлақ ауылы тұрғындарын үлкен қуанышқа кенелтіп тастады. Ауылдың кіреберісінен фельдшерлік-акушерлік пункттің жаңа ғимараты бой көтеріп, есігін ашып, пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Серікбаева Лейла Пернебайқызы қатысты. Ауылдың жоғын түгендеп, ажарын ашып жатқан жаңа ғимаратқа құтты болсын айтты. Жаңа үлгідегі медициналық пункте …
Қарасай ауданы бойынша кейбір елді мекен арасында қатынайтын қоғамдық көліктер жетіспейтіні жасырын емес. Оны оңды шешу үшін халық та талайдан бері талап етуде. Дегенмен аталған мәселе ауданымызда өз ретімен шешіліп келеді. Мәселен, осы уақытқа дейін аудан орталығы мен Алматы қаласының арасында «230» бағытта жүретін автобус іске қосылып, қарасайлықтар үшін ең қолайлы қоғамдық көлікке айналған болатын. …