Қаламмен қаруланып, жаңалықтың жаршысы атанып жүрген жетісулық журналистердің еңбектері кешегі өткен «Самғау – 2021» байқауында бағаланды. Облыстың үздіктері бас қосқан салтанатты кешке Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев арнайы қатысып, журналистика саласында қалтқысыз қызмет етіп жүрген мықтыларды марапаттады. БАҚ өкілдері арасында бағы жанған үздіктердің қатарында қарасайлықтар да болғанын айта кету керек. Жетісу жерінің жаңалығын жалпақ жұртқа …
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Жандосов ауылдық округінде іргетасы жаңадан қаланған әкімдік ғимараты пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы қатысып, округ тұрғындарына мерекелік ақ тілегін білдірді. Шараның алғы сөзі аудан басшысына беріліп, ол округ тұрғындарын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен және де округтегі осы жақсы оқиғамен құттықтап, оның құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компания басшысына …
«Жыл еріктісі» – әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешуге үлес қосқан еріктілер тобын, отандық және волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған Халықаралық сыйлық. Міне, дәл осы ерекше марапатқа жақында қарасайлық еріктілер де ие болды. Олар республикаға ауданның ғана емес, Жетісу өлкесінің де атын танытты десек артық айтқандық емес. Халықаралық сыйлыққа еліміздің әр өңірінен лайықты деп танылған …
Жамбыл ауылдық округінде әлеуметтік нысандар қатары толыға түсуде. Аудандық әкімдіктің бастамасымен қолға алынған жұмыстар аясында құрылысы ағымдағы жылдың қаңтар айында басталған «Street WorkOut» алаңы осы аптаның сейсенбісі күні пайдалануға берілді. Ел игілігіне арналып, округ тұрғындарын қуанышқа бөлеген нысанның ашылу салтанатына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әсет Нұрекенов, Қазақ күресі спорты бойынша маман, ҚР еңбек сіңірген …
Талдықорғанда халықтық атағы бар және жаңадан құрылған театрлардың облыстық фестивалі өтті. Байқауда «Қарасай жастары» театры бас жүлде иеленіп, театр актері Айдар Асарбай «Үздік жыл актері» номинациясын жеңіп алды. Жалпы, бұл облыстық өнер додасында барлығы 25 театр қатысқан. Олардың ішінде алты халық театры, үш қуыршақ театры және 10 аудан өнерпаздарынан құралған театрлар өз өнерлерін ортаға салды. …
В преддверии Дня Первого Президента Республики Казахстан акимат города Каскелен справил новоселье. Долгое время его сотрудникам приходилось работать в здании, построенном более сорока лет назад. В нем было темно и неуютно. Теперь после капитального ремонта, проведенного силами ТОО «СП «NЕFT», коллектив может трудиться в обновленном здании и на качественно новом уровне. Пришли разделить с ним …
Қарасайлық Ақерке Чуленбаева « Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» номинациясына ие болды. Қалыптасқан дәстүрге сай Тұңғыш Президент күні қарсаңында, яғни, осы аптада Жетісудың үздік жастары анықталып, жеңімпаздарға «Көшбасшы – 2021» сыйлығы табысталды. Бұл жиынға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрінің орынбасары Болат Тілепов қатысты. Білім, ғылым, спорт, мәдениет және басқа түрлі салада жемісті еңбек еткен 20 …
20 жыл бойы халыққа үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан «Отбасы банкі» – баспана алудың тиімді жолын көрсететін белгілі қаржы ұйымдарының бірі. Бүгінгі таңда еліміздің әр өңірінде бірқатар филиалдарын ашып, қанатын кеңге жаюда. Банктің осылай өсіп, өркендеуі халықтың қажеттілігінен туындап отыр деп білеміз. «Отбасы банкінде» осыдан бір апта бұрын тағы да қуанышты оқиғалардың бірі орын алды. …
У алматинского метро появится еще одна ветка – до рынка «Алтын орда». Ожидается, что пассажиропоток там увеличится до 150 тысяч человек. Об этом заявили в городском акимате во время общественного слушания по вопросам развития транспортной инфраструктуры Алматинской агломерации. По словам заместителя акима мегаполиса Серика КУСАИНОВА, по улице Алатау в Наурызбайском районе города сконцентрировано огромное количество …
Еліміздегі оқу орындары арасында «Үздік мектеп – 2021» онлайн-конкурсында, «Үздік аудандық мектеп» номинациясы бойынша, ауданымыздағы Қаскелең қаласындағы Тұрсын Сайбырова басшылық ететін Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы бас жүлдені иеленді. Расында мемлекеттің дамуы үшін білім саласының бәсекеге қабілеттілігі жоғары болуы міндетті. Ол үшін білім сапасын арттыруға негізделген толық зерделенген жобалар мен осы саланы инновацияландыру алғашқы орында болуы …