Өткен аптада ауданымызда да Білім күні аталып өтіп, барлық мектептерде алғашқы қоңырау салтанаты болды.
Жаздық демалыстан кейін ұстаз бен оқушыларды қауыштыратын бұл мерекенің қашанда үлкен қуаныш әкелетіні сөзсіз. Соның бір дәлелі ретінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев туып-өскен Шамалған ауылындағы қазақ орта мектебіндегі жиынды айтқан жөн.
Аталған білім ордасындағы мереке «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты тақырыппен салтанатты түрде мемлекеттік гимннің орындалуымен ашылып, оған Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев, орынбасары Айжан Назарбаева, сондай-ақ, қоғам қайраткері Болат Назарбаев пен эстрада жұлдызы Естай Аликеев сияқты құрметті қонақтар қатысты.
Жаңа оқу жылына алғашқы құттықтау сөзін арнаған аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы ұстаздар қауымына қажыр-қайрат, күш-қуат, оқушыларға білім жолында биік белестерге жетуді тіледі. Ал, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер арнайы тақпақтарын жатқа айтып, тәтті қылықтарымен көпшілікті тәнті етті.
Құттықтау сөз кезегі әнші Естай Аликеевке де беріліп, ол «Абылай хан» атты рухты әнімен жиналғандардың қошеметіне бөленді. Осылайша жоғарылаған көңілді нота арнайы құттықтап келген белгілі әнші Ақбота Керімбекова орындаған «Ұстазым» әнін көрермендердің қосыла шырқауымен ерекшеленді.
Сондай-ақ, мектеп оқушылары келген қонақтарға гүл табыстап, құрметтерін білдірді. Ал, білім күнінің бірінші сабағы, алғашқы қоңырау салтанаты аяқтала салысымен, 1 сынып оқушыларының «Мен – өз елімнің патриотымын» атты ашық тәрбие сағатымен жалғасты.
Дидар МУХАМАДИЕВ.
Білім күні мерекесінде мектептерде алғашқы қоңырау салтанаты өтті
Главная » [:ru]Новости[:kk]Жаңалықтар[:] » Образование » Білім күні мерекесінде мектептерде алғашқы қоңырау салтанаты өтті