Оның аясында аудан, қалалар бойынша үздік округтің немесе мекеменің қоғамдық келісім кеңесінің көрмесі қойылды. Атқарылған жұмыстар сараланып, үздіктер марапатталды.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген «Туған жер», «100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі географиясы» және тағы да басқа бағдарламаларды жүзеге асыру- ға ықпал ету, сондай-ақ, қазақ- стандық бірегейлік пен бірлікті нығайту үшін атқарылған көптеген істің қорытындысы жарияланған жиында біздің қарасайлықтардың мерейі үстем болды.
Олай дейтініміз, осы Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің ІV облыстық «Ауылым – алтын қазынам» форумында 2017 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік жұмыс нәтижесін көрсеткені үшін Қарасай аудандық Қоғамдық келісім кеңесі І дәрежелі Дипломмен марапатталды.[:]