«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Қарасай аудандық коалициясының белсенділері ауданда ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар арнайы белгіленген орындарға үгіт-насихат плакаттарын орналастырып, тұрғындар арасында ақпараттық материалдар таратуда.
Сонымен қатар, Коалиция өкілдері аудан бойынша кездесулер мен консультациялар өткізіп, жаңа Конституция жобасының ережелерін және алдағы референдумның маңызын түсіндіруде.
Бұған қоса, әлеуметтік желілерде жүйелі жұмыс жүргізілуде, бұл кең аудиторияны қамтуға мүмкіндік береді.
Жақын уақытта «Есіктен есікке» акциясын өткізу жоспарлануда. Оның аясында азаматтарға қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық материалдар ұсынылады.
Сондай-ақ ауданда еңбек ұжымдарымен, сарапшылар қауымдастығымен және тұрғындармен ұсынылып отырған өзгерістерді ашық талқылау мақсатында кездесулер ұйымдастырылуда.
Халықты ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда. Негізгі мақсат — ашық диалогты қамтамасыз ету және азаматтардың алдағы референдумға саналы түрде қатысуына жағдай жасау.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
