Бүгінгі таңда еліміздің дамуы мен өркендеуі әрбір азаматтың саналы көзқарасына, адалдығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Осы тұрғыда жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» жобасының маңызы зор.
«Адал азамат» – бұл тек ұран емес, бұл қоғамдағы әрбір адамның өмірлік ұстанымы болуы тиіс құндылық. Адалдық – адамның ішкі мәдениетінің, тәрбиесінің және азаматтық жауапкершілігінің көрінісі. Қоғамда адалдық қағидалары берік орныққан жағдайда ғана әділетті, дамыған мемлекет құруға мүмкіндік туады.
Біздің негізгі мақсатымыз – жастардың бойына адалдық, әділдік, еңбекқорлық және отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру. Себебі, болашақ – жастардың қолында. Жастар саналы, білімді және адал болса, еліміздің ертеңі де жарқын болмақ.
Ішкі саясат саласында бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, түрлі түсіндіру жұмыстары, кездесулер, семинарлар мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұл шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
Әрбір азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң мен тәртіпті құрметтеп, қоғам игілігі үшін еңбек етуі қажет. Адал еңбек – табыстың кілті, ал әділдік – тұрақтылықтың негізі.
Қорытындылай келе, «Адал азамат» жобасы – қоғамды ізгілендіруге бағытталған маңызды бастама. Әрқайсымыз осы жобаның қағидаларын күнделікті өмірімізде басшылыққа алсақ, еліміздің дамуына қосқан үлесіміз зор болары анық.
Гүлнар Молдамсеитова,
Қарасай ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
