Референдум күні ақ кимешек киген Қарасай ауданының «Әжелер» ансамблінің мүшелері Шамалған ауылдық округіне қарасты Мәдениет үйінде орналасқан дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Ұлттық нақышта киінген ақжаулықты әжелер саяси науқанды мерекеге айналдырды. Әні мен сәні жарасып, дауыс беруге келген халықтың көңілін көтерді.
Айта кетейік, осыдан 20 жылдай бұрын құрылған ансамбль ұжымы – ауданның ұйықтысы. Олардың репертуарында қазақтың халық әндері көп. Бүгінде ансамбль мүшелері облыстық және аудандық мерекелік шараларда көптің көңілін көтеріп, өнерлерін паш етуде.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
