Жандосов ауылындағы сан жылдар күн тізбегінде келе жатқан мәселесі шешілетін болды. Осы жайлы аудан әкімі Жандарбек Далабаев Жандосов ауылдық округінің тұрғындарымен өткен аптаның бейсенбісіндегі есеп беру жиналысында айтты.
Шалқар ауылында амбулатория салынады
Шалқар ауылындағы тұрғындарын мазалап жүрген дәрігерлік амбулаторияның жоқтығы өткен аптаның сәрсенбісінде округте өткен аудан әкімінің есептік жиынында мәлім болды.
Кездесуге келген Шалқар ауылының тұрғыны Гүлнар Құбашева округте жөні дұрыс қаралуға болатын дәрігерлік амбулаторияның жоқтығын айтып шағымданды. Қазір жекеменшік ғимаратты жалға алып отырған амбулатория ескі әрі кішкентай, ыңғайсыз болғандықтан емделу үшін аудан орталығына не қалаға бару керек.
Тұрғындардың наразылығын тыңдаған аудан басшысы бұл мәселе бұрыннан назарға алынғандығын айтты. Нақтырақ айтқанда, биыл Шалқар ауылында амбулатория салуға жер телімі бөлінген, сондай-ақ, құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасына жақын арада ақша бөлінсе, құжаттары жылдың соңына дейін дайын болса, ал, құрылыс жұмыстары алдағы жылы басталады. Амбулатория салуға арналған 30 сотық жер телімі дайын тұр.
Бұрым ОРЫНБАСАР.