Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев осы аптада бірқатар салаға жауапты басқарма басшыларын тағайындады. Олар аппараттық кеңесте таныстырылды.
Лауазымды орындарға лайық деп танылған жаңа басшыларды атап айтар болсақ, Алматы облысы әкімінің өкімімен Ахметова Айгүл Матанқызы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ал Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасын Қуаныш Бақытұлы басқарады.
Ваисов Асыл Нұралыұлы Алматы облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарса, аппарат басшысының бұйрығымен Ахилбеков Самат Мұхатұлы Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Алматы облысы әкімінің
баспасөз қызметі.