Қарасай аудандық прокуратурасының бастамасымен және аудандық әкімдіктің қолдауымен ағымдағы жылдың 8 қаращасында Қарасай аудандық пробация бөлім есебінде тұрған жыныстық тұтастыққа қарсы жасалған қылмыс үшін сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру және Профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ сотталғандардың отбасындағы мінез-құлқын анықтау үшін туыстарымен және балаларымен әңгімелесу болды. Ең басты мақсат – қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу. Осы бағытта қоғамға бейімдеу үшін бірлескен іс-шаралар жүргізілуде.
Қарасай аудандық пробация бөлімі