Алматы облысында коронавирустық инфекцияның 51 744 жағдайы тіркелген болса, соңғы тәулікте 133 адамның індет жұқтырғаны белгілі болып отыр, деп хабарлайды «Jetisy Media».
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,5% – дан 0,4% – ға дейін төмендеді. КВИ анықталған 133 жағдайдың 12-сі 14 жасқа дейінгі балаларда анықталса, 12-сі оқушылар, ал 3-еуі студенттер арасында байқалған.
Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 839 685 доза келді, 2 компонентінен 829 815 доза алынды. Бүгінгі күні облыста вакцинаның 1 компонентінен 79 635, 2 бөлігінен 161 219 доза қалып отыр. 4 қазанға қараған күні 760 019 (69%) адам вакцинаның бірінші компонентін алды, екіншісімен 668 522 (61%) тұрғын егілді.
«Біз бұл инфекциядан құтылудың бірден -бір сенімді жолы жаппай вакцинация екенін білеміз. Бүкіл әлемде COVID-19 эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті шаралар қабылдануда, оның ішінде халық арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Өзін-өзі оқшаулаудың және басқа да шектеулі шаралардың балама шешімі – бұл вакцинация»,- дейді Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың директоры Анарбек Монгол.
Қаперлеріңізде жүрсін, вакцинациялау – бұл өзіңізді, балаларыңызды, отбасыңызды және қоғамды COVID-19-дан қорғау болып табылады.