«Су жетіспейді әрі сапасы нашар, ал, жаздың күндері мүлдем ақпай қалады. Көптеген көшелерде, әсіресе, балалар мектепке баратын жолдарда асфальт, жарық және жаяу жүргіншілер жолағы жоқ. Жөні дұрыс емхана ғимараты мен мектептер жетіспейді» деп ашынған Райымбек ауылдық округінің жұртшылығы жақында аудан әкімінің есептік жиынында біршама дау шығарды.
Әр тұрғынның наразылығын мұқият тыңдаған Жандарбек Далабаев халықты сабырлыққа шақырып, мәселелердің реті биыл міндетті түрде өз шешімін табатындығын жеткізді.
«Су жетіспейді әрі сапасы нашар, ал, жаздың күндері мүлдем ақпай қалады. Көптеген көшелерде, әсіресе, балалар мектепке баратын жолдарда асфальт, жарық және жаяу жүргіншілер жолағы жоқ. Жөні дұрыс емхана ғимараты мен мектептер жетіспейді» деп ашынған Райымбек ауылдық округінің жұртшылығы жақында аудан әкімінің есептік жиынында біршама дау шығарды.
Әр тұрғынның наразылығын мұқият тыңдаған Жандарбек Далабаев халықты сабырлыққа шақырып, мәселелердің реті биыл міндетті түрде өз шешімін табатындығын жеткізді.
Жаңатұрмыс ауылына су резервуары салынады
Ауданымыздағы адам саны көп әрі аумағы үлкен Райымбек округінде шешімін таппай жатқан өткір мәселенің бірі ол судың жетіспеушілігі. Жиынға қатысқан тұрғындардың айтуынша, жаздың күндері мүлде тоқтап қала береді, бұған қоса ағып тұрған судың сапасы нашар.
Аудан басшысының айтуынша, бүгінде округке су беріп отырған Ақсай су жинақтау топтасындағы резервуарлары кейбір келенсіздіктерге тап болғанын айтты. Бұл мәселені шешу үшін әкімдік тарапынан жаңа құбырлар орнату, оларды басқа резервуарға қосу сияқты бірқатар жұмыс жүргізілсе де, судың жетіспеушілігі шешілмеген. Бірақ, биыл округ жұртшылығын сумен қамтамасыз ету мақсатында, Жаңатұрмыс ауылына екі су резервуары мен үш суды сүзгіден өткізетін ұңғыма (скважина) орнату жоспарланған. Бүгінде бұл жұмыстарға берілген бастапқы ақшаға қажетті құрал-жабдықтар алынған, енді республикалық бюджеттен қалған қаражат бөлінсе, құрылыс жұмыстарының екінші кезені басталады.
Осы бағыттағы жұмыстар өз кезегімен жүргізіліп біткеннен кейін, жаңа су резервуарларынан басқа ауылдарға су жіберіп, округтегі тапшылық мәселесін шешу жоспарлануда.
Мұнан бөлек, тұрғындар бірқатар көшелерге, әсіресе, Түркістан көшесіне асфальт салып беруді өтінде. Себебі көптеген оқушылар мектепке бару үшін осы жолмен жүреді. Округ әкімі Елжан Түленбаевтың айтуынша, бұл көшенің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалған, жөндеу жұмыстарына шамамен 15-20 млн. теңге қажет. Бірақ, биылғы жол картасына кірмегендіктен оған бюджеттен қаражат қарастырылмаған. Балаларға аталған көше аса қажет екенін ескерген аудан әкімі жолдарға бөлінген қаражаттың алты айлық көрсеткіші бойынша үнемдеуден ақша қалса, осы жолға асфальт салуды тапсырды.
Доландағы мектептің құрылысы биыл басталады
Райымбек округіне қарасты Долан ауылына жаңа мектеп осыдан екі жыл бұрын тұрғызылылуы керек еді. Аудан басшысы құжаттары дайын, ақшасы бөлінген мектептің құрылысы шын мәнінде 2019 жылы басталған, алайда еліміздегі пандемияға байланысты уақытша тоқтатылып қалғандығын айтты. Бұған қоса, 2021 жылы құрылыс материалдарының бағасы өсіп кеткендіктен 2019 жылы бөлінген қаражат жетіспей қалған. Сондақтан шығын саны қайтадан есептеліп, қажетті өзгерістер енгізілген жаңа жоба жасалған. Ол облыста қабылданып, бүгінде мердігер компаниялар арасында тендер ойнатылуда. Женген компания құрылыс жұмыстарын биыл бастайды.
Мұнан бөлек бос жер телімі табылса, өзге ауылдармен округтерге оқуға барып жүрген Бұлақты ауылының балаларына да жаңа мектеп тұрғызу беру жоспарда бар. Бұл құрылысқа бір кедергі бар ол – бос жердің жоқтығы. Жалпы, заң бойынша мектепті тұрғызатын жер 3 га-дан кем болмауы қажет. Аудан әкімінің айтуынша, олар бүгінде іздестіру жұмыстарын жүргізіп, ауылда орналасқан мешіттің артынан бос жер учаскесін тапқан, алай да, ол құрылыс жүргізуге жарамсыз болып тұр. Осыған байланысты қазіргі уақытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта облыс тарапынан құрылысты сол жерде жүргізуге рұқсат беріліп, бюджеттен қаражат бөлінсе, Бұлақты ауылында да жаңа мектеп пайда болады.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.